ХАБАРЛАНДЫРУ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ

    "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ

    «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй сертификаттарын алуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

    Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін әлеуметтік көмек түрінде беріледі.

    Тұрғын үй сертификаттарын беру Қарқаралы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № VIII-57/444 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

    Тұрғын үй сертификатының мөлшері

    Тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10 пайызын құрайды, бірақ бір алушыға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды, қарыз сомасына қарамастан.

    Тұрғын үй сертификатын кімдер ала алады?

    Тұрғын үй сертификатын алу құқығы Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған және төмендегі санаттардың біріне жататын азаматтарға беріледі:

    1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    2. жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
    3. басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
    4. I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
    5. мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе оларды бағып отырған отбасылар;
    6. тиісті тізбеге енгізілген жекелеген созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
    7. жасы бойынша зейнеткерлер;
    8. 29 жасқа толмаған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, егер олар ата-анасынан кәмелетке толғанға дейін айырылған болса. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандар үшін жас мөлшері әскери қызмет өткеру кезеңіне ұзартылады;
    9. қандастар;
    10. экологиялық апаттар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
    11. «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен наградталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар;
    12. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде немесе құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
    13. толық емес отбасылар;
    14. асырауында кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар жесірлер (тұлдар) – олар 23 жасқа толғанға дейін.

    Өтініш беру тәртібі

    «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі тегін көрсетіледі.

    Тұрғын үй сертификатын алуға өтініш электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы (eGov) арқылы электрондық түрде беріледі.

    Өтінішті қарау барысында жеке басын куәландыратын құжат, отбасы құрамы, табысы, жылжымайтын мүліктің болуы және азаматтың тиісті санатқа жататындығы туралы қажетті мәліметтер заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

    Маңызды

    Тұрғын үй сертификатын алу үшін өтініш беруші Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық актіде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

    Тұрғын үй сертификаттары тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде беріледі.

    Байланыс ақпараты

    Тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері бойынша:

    «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады.

    Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,

    Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 14 үй.

    Телефон: 8 (72146) 32-8-99.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлары

    Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округі бойынша сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлары № Елді мекен атауы Үй-жайлардың мекен-жайы Жалпы көлемі Отырғызу орындарыны...

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Қарқаралы ауданыБалқантау ауылдық округініңаумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № Елді мекендер атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Қарқаралы аудан...

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

    Қарқаралы ауданының әкімдігіЖарияланды: