«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің

    мәдениет және тілдерді дамыту

    бөлімі» ММ 2026 жыл «19» маусым

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады.

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі болып табылады.

    Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 28 мамырдағы № 13 бұйрығымен.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың 18 мамыры мен 18 маусымы аралығында жүргізіледі. Талдау кезеңі 2025 жылдың екінші жартысы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қамтиды.

    1. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

    Талдаудың мақсаты «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жою болып табылады.

    Талдаудың міндеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметіндегі салдарын жою болып табылады.

    1. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері:

    1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;

    2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;

    3) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;

    4) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

    5)Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

    1. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімнің штат саны-4 бірлік, штаттан тыс қызметкерлер - 2 бірлік.

    Талдау кезеңде Бөлім қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

    Бөлімде теріс себептермен жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

    1.1. Мемлекеттік қызмет көрсету

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

    1.2. Кадр саясаты

    Жұмысқа қабылдау кезінде протекционизм, қызметте жоғарылау кезінде селективтілік, негізгі функцияларды қабілетсіз адамдарға жүктеу, шектеулерді сақтамау, бөлімде этикалық бақылаудың жеткіліксіздігі жоқ.

    Тәртіптік практика.

    2026 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылмады.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қызметкерлер бұзған жоқ.

    Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады.

    Еңбек тәртібі бұзылған жоқ.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге теріс ақпарат орналастырылған жоқ.

    Мүдделер қақтығысы

    Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

    Қаржы-шаруашылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

    Еңбекақыны, іссапарларды, демалыстарды, ауруханалық еңбекақыларды төлеу ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі;

    1.3. Процестерді цифрландыру. Құжатайналымы

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік мекемелердің, ЖАО-ның құжатайналымының есебі мен мониторингі жүргізіледі.

    1.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    2026 жылдың 05 қаңтардан бастап 18 маусымына дейін «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жеке тұлғалардан 6 өтініш тіркелді. Прокурорлық қадағалау актілері шығарылған жоқ.

    1.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету

    Өз қызметінің бағыттары туралы БАҚ-да және ресми интернет-сайтта бөлімнің толық және шынайы ақпараты орналастырылады.

    1.6. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру жоқ.

    1.7. Сот практикасын талдау

    Ағымдағы кезеңде 2 сот процесі өтті.

    1.8. Қадағалау органдарын тексеру нәтижелері туралы мәліметтер

    Ағымдағы кезеңде қадағалау органдарын тексеру жүргізілген жоқ.

    Қорытынды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бөлігінде «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметін талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқтығын анықтады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мониторингілеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

    Басшы А. Абилова

    Орын. А. Шайхисламова

    Тел. 87144133186

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Карабалыкского района»
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел культуры и развития языков акимата Карабалыкского района»
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 25 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 08 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 24 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 01 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 23 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 26 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 22 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 18 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 21 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 12 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 20 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 04 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Қарабалық кенті: Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай № р/с Елді мекеннің атауы Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар 1. Қарабалық кенті "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерд...

    Жарияланды: