Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы тауарларды онлайн-жеткізумен байланысты алаяқтық деректерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан онлайн-шопинг көлемі бойынша ТМД кеңістігіндегі көшбасшылар қатарына енді. «CEOWORLD» онлайн-сервисінің деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың электрондық платформалар арқылы жасаған сатып алуларының үлесі 32%-ды құрады.
Онлайн-сатып алулар танымалдылығының артуы аясында алаяқтар да белсенділік танытуда. Олар азаматтарға телефон соғып, өздерін курьер, жеткізу қызметінің маманы немесе интернет-дүкендер мен танымал маркетплейстердің қызметкері ретінде таныстырады және олардың атына қандай да бір тауарды жеткізу рәсімделгені туралы хабарлайды.
Сөйлесу барысында алаяқтар сенімге кіру үшін клиенттің дербес деректерін атауы мүмкін және тапсырысты алу, тауарды жеткізуді растау немесе маркетплейс жүйесінде тапсырыстан бас тарту үшін SMS-хабарламамен келген кодты айтуды сұрайды.
Егер азамат жеткізілімді күтпейтінін немесе онлайн-сатып алулар жасамағанын түсіндірсе, алаяқтар оған психологиялық қысым көрсетеді: тауардың қоймада ақылы сақталатынын, тапсырыстан бас тартқаны үшін айыппұл салынатынын немесе жеткізуден бас тартуды шұғыл растау қажеттігін хабарлайды.
SMS-кодты хабарлау арқылы азамат іс жүзінде алаяқтарға өзінің жеке аккаунттарын басқаруға рұқсат береді. Кейіннен алаяқтар ақшалай қаражатты жымқырып, сондай-ақ онлайн-несиелер рәсімдеуі мүмкін.
Есіңізде болсын!
Маркетплейстердің, жеткізу қызметтерінің және банктердің қызметкерлері телефон арқылы, оның ішінде тауарды жеткізуді растау үшін SMS-кодтарды ешқашан сұрамайды.
Азаматтардан қырғалық танытуды және келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
- SMS-хабарламалармен келген кодтарды ешкімге хабарламау;
- Күдік туындаған жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, ресми байланыс арналары арқылы маркетплейске тікелей хабарласу;
- Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына жедел түрде жүгіну.
Фейк онлайн-жеткізіліммен байланысты алаяқтық фактілер жиілеп кетті
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Ұқсас материалдар
Премьер-Министрдің 10.08.2026 жылғы № 133-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2026 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша ақпарат
Премьер-Министрдің 10.08.2026 жылғы № 133-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты...
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды дептану туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қайта бекіту туралы
Бас прокуратуранын 2026 жылға арналған бюджетін түзету туралы ақпарат
Бас прокуратуранын 2026 жылға арналған бюджетін түзету туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ішкі аудит басқармасының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ішкі аудит басқармасының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі
Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы
Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған қылмыстық жолмен алынған сомалармен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған қылмыстық жолмен алынған со...