БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

    ·

    2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.

    Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.

    Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.

    Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.

    Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

    Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат (10:00; 12:00) де онлайн форматта өтеді.

    Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет ( https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6ab39881d0ec3eb461a53419be63acb0). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу (2511 227 0802) және event-кеңес паролін енгізу (0000) қажет.

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 333 809 өтініш орындалып, жалпы сомасы 62,71 миллион АҚШ долларына жуық қаража...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%). Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен м...

    Жарияланды: