Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

    ·

    Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі

    әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

    Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

    Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау), 1 аудандық маңыздағы қаладан (Құлсары), 7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.

    2026 жылдың 1 сәуіріне халық саны717,3 мың адам, оның ішінде қала халқы 393,3 мың адам (54,8%) (01.04.2025 ж. халық саны – 712,5 мың адам).

    2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.

    2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімі 16 564,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 108,0%.

    Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 10,4%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 23 218,4 мың теңге.

    Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 52,9% (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 47,5%, өңдеу өнеркәсібі – 4,4%), сауда – 15,4%, құрылыс – 3,0%, көлік және қоймалау – 3,8%, ауыл шаруашылығы – 0,7%.

    2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 4454,5млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 86,1%.

    Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 4096,9 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 82,7%.

    Есепті кезеңде облыста 16,5 млн тонна мұнай(81,2%) және 9,0 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(87,7%) өндірілді.

    Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 275,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 111,3%.

    Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 26,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,2%.

    Оның ішінде, малшаруашылығында – 24,7 млрд теңге (НКИ – 101,3%) және өсімдік шаруашылығында – 357,8млнтеңге (НКИ – 100,0%).

    Ірі қара мал басының саны 3,7% (251,5 мың бас), жылқы 6,7% (159,2 мың бас), түйе 0,6% (44,9 мың бас) өсіп, қой мен ешкі 1,5% (658,5 мың бас) төмендеді.

    Есепті кезеңде облыста 14,0 мың тонна ет (100,4%), 6,8 мың тонна сүт (98,9%), 22,0 млн дана (120,3%) жұмыртқа өндірілді.

    Негізгі капиталға 408,3 млрд теңгеинвестиция салынды, нақты көлем индексі – 100,7%.

    Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі 123,2 млрдтеңгені құрады немесе 101,9%.

    Облыста 132,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 90,3%.

    Сауда көлемі 2499,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,0%.

    2026 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы
    4452,7млн АҚШ долларын
    құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 111,7%, оның ішінде экспорт – 4280,8млн АҚШ долларын (111,3%), импорт – 171,9млн АҚШ долларын құрады (120,2%).

    Көлік және қоймалау қызметі 283,4 млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 87,2%.

    Байланыс қызметініңкөлемі 6 172,1 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,9%.

    2026 жылдың 1 мамырына шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 498 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,7%.

    Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің (57498 бірлік) тіркелген субъектілер санындағы (61 508 бірлік) үлесі – 93,5%.

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 5 167,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді (НКИ – 88,2%), осы кезеңде салада 147919 адам жұмыспен қамтылды (93,4%).

    2026 жылғы 1 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

    2026 жылдың қаңтар-сәуіріне 4586 жаңа жұмыс орны құрылды, оның
    2856-ы тұрақты, 1 730-ы уақытша.

    2026 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық жалақы 652950 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 103,0%.

    2025 жылдың4 тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 297065 теңгені құрады (89,5%).

    2026 жылдың сәуір айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)103,5%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 102,7%, азық-түлік емес тауарларға – 103,6%, ақылы қызметтерге – 105,0%.

    Жүктеу
    ea80d3cb30322f77c98b1c929fbed67e_original.27193.docx
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

    Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан (Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:
    Бюджет

    2023-2026 жылдардың маусым айы бойынша облыс бюджетінің шығыстар бойынша орындалысы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 23 маусымнан басталатынын хабарлайды.

    Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 23 маусымнан басталатынын хабарлайды. Ұсыныс пікірлеріңіз болған жағдайды 8 7122 35 59 86 т...

    Жарияланды:
    Ереже

    Басқарманың ережесі

    Жарияланды: