«Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
2.Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №3-10 «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы » шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов