Тасөткел ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 3 тоқсан қорытындысына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

    Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты

    Тасөткел ауылдық округі 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті негізді бас тарту саны – 0. Оның ішінде, қағаз түрінде мемлекеттік мекеме арқылы – 0 қызмет, электронды үкіметтің веб порталы арқылы – 0 қызмет, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы бас тарту болған жоқ.

    Облыс әкімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында 1 іс-шара өткізілді, қамтылған тыңдаушы саны – 15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауына әдістемелік көмек ретінде ауыл әкімінің ресми сайтында орналастырылған ақпараттар жаңартылған. Халықпен электронды түрде көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға байланысты насихат жұмыстары тығыз жүргізілуде.

    Бүгінгі күні ауылдық әкімшілікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы азаматтар қажетті анықтамалары мен өтініштерін электронды нысанда жіберуде.

    Ауыл бойынша мемлекеттік корпорация мен «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы қызметтерді алу мүкіндіктері туралы халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Тасөткел ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 2 тоқсан қорытындысына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

    Тасөткел ауылдық округі 2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті негізді бас тарту саны – 0. Оның ішінде, қағаз түрінде мемлекеттік мекеме арқылы – 0 қызмет, электронды үкіметтің в...