Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру

    Қостанай облысы Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты

    "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";

    2) "электронды үкіметтің" веб-порталы:www.egov.kz.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:

    жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын алу үшін:

    пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні;

    жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі;

    жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі.

    көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

    көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;

    жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:

    Жүгіну кезінде:

    1) қызмет көрсетушіге:

    осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш.

    көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

    жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;

    тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат;

    2) порталға:

    ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

    жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

    ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:1) қызмет көрсетушіге:

    жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы;

    2) порталға:

    көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі;

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

    2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

    3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болса.

    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

    Жүктеу
    3193473c1897d0a3cf51f6e7315f4e4e952647e67c8f381cacf40d65bb1d9bc2_original.15275.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылғы 1 қазанға арналған "Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімінің аппараты" ММ бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде...

    Ақпарат

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу: құқықтық негіздері мен маңызы

    Қазіргі таңда жылжымайтын мүлік азаматтар мен ұйымдардың мүліктік қатынастарының негізгі өзегіне айналып отыр. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер — сатып алу, иеліктен шығару, жалға беру және өзге де билік ету нысанда...

    Ақпарат

    Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат Ырсай ауылы әкімінің тұрғындарымен 2026 жылғы 9 қыркүйек

    Бекітемін Ырсай ауылының әкімі _____________ В. Кулаков "____" ______ 2026 г. Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат Ырсай ауылы әкімінің тұрғындарымен 2026 жылғы9 қыркүйек № Көтерілген сұрақ Шешу жолдары Шеш...

    Ақпарат

    Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат, әкімнің есебі барысында Ырсай ауылы халқының айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша Ырсай ауылы 2026 жылғы 9 қыркүйек.

    Бекітемін Ырсай ауылының әкімі _____________В. Кулаков "____" ______ 2026 г. Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат, әкімнің есебі барысында Ырсай ауылы халқының айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бой...

    Ақпарат

    2026 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау алу

    Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер мемлекеттен бизнесті дамытуға субсидия ала алады. Мемлекет субсидияны жергілікті (облыс, республика маңызы бар қала немесе астана) бюджеттен төлейді. Ақша ауыл шаруашылығының белг...

    Ақпарат

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

    " Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорация...

    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған "Жітіқара ауданы Ысай ауылы әкімінің аппараты" ММ бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға...

    Ақпарат

    Жітіқара ауданының Ырсай а. 2026 жылғы тамыз айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі

    № Жеке тұлғаның / заңдытұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін берунегіздері Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің алаңы Жер учаскесіне меншік құқығы га - - - - - -