2026 жылғы 22 маусымда Жалағаш ауданында актив өтті. Жиында Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Калыбаев Шарабан Максутович Ақсу мен Жаңаталап ауылдық округтері әкімдері ретінде сайланған Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы мен Абдикалыков Куаныш Боранбековичтерге куәлік табыс етілді.
Ақсу және Жаңаталап ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланғандар Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы мен Абдикалыков Куаныш Боранбековичтер 2026 жылғы 22 маусымнан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастады.
Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы 1988 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін информатика мамандығын және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Жалағаш аудандық білім бөлімінде программист болып бастаған.
Әр жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинет әдіскері, бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарып келді.
Сайлауда өзін-өзі ұсынған.
Абдиқалықов Қуаныш Боранбекұлы, 1974 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Темірбек Жүргенов» серіктестігінде жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратында статист, бас маман қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап Жаңаталап ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келеді.
Сайлауда өзін-өзі ұсынған.