«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей ( 2026 жылғы 13 қазаннан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау және жариялау тиіс екендігін еске саламыз.
Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша эфирлік және баспа орнын төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер қалалық сайлау комиссиясына ұсынылуға тиіс.