Сарысу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№8 қаулысына 1 қосымша
2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған
Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 30 қыркүйек 2026 жыл (113-1-б.) | |
|
2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей (22-б.) | |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу ауданының әкімі сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2026 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну | |
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 1 қазаннан басталып 2026 жылғы (113-3-б. 1, 5-т.) | |
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б. 11-т. 2)т.) | |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) | |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) | |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) | |
|
11. Сарысу ауданы әкімдігінің шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі | |
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша) | |
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру | |
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) | |
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 1 қазанда басталып 2026 жылғы (113-5 б. 14-т.) | |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары мен Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Тіркелген кандидаттар, сондай-ақ олардың сенім білдірілген адамдарының қатысумен АСК-ның кеңейтілген отырысын өткізу. | |
Отырыста кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарына Конституциялық заңның 27, 28 баптары негізінде сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығы мен тәртібі және сайлау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсініктеме беру. Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін екінші күннен кешіктірмей (14-б, 113-5-б. 1-т.) | |
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
Сарысу ауданының әкімдігі және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 18 қазан 18.00 де басталып 2026 жылғы 7 қараша 00.00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) | |
19. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдары мен Сарысу ауданы әкімінің ресми сайтына жариялау | |
Сарысу ауданының әкімдігі және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
1. Сарысу ауданының әкімі 2. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 3.2026 жылғы 18 қазан (24-б. 5-т.) | |
21. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін, өзге де сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар мен практикалық тренингтер өткізу | |
4. Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 5.Сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде (14-б. 11-1) т.) | |
22. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 24 қазаннан бастап (26-б. 1-т.) | |
23. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
Учаскелік сайлау комиссиялары әрбір сайлаушыға QR - кодқа кандидаттар туралы ақпарат енгізілген сайлауға шақыру қағаздарын тарату, сайлаушылар тізімін нақтылау Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 29 қазаннан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей- 2026 жылғы 5 қарашадан ерте емес және 7 қарашадан кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
|
25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 8 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
|
26. Дауыс беруді өткізу | |
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 8 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 8 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-дебасталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
|
29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу (113-8-б. 1-т.) | |
|
30. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей- 2026 жылғы11 қарашаданкешіктірмей (113-10-б.) | |
31. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары мен Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 14 қарашадан кешіктірмей (44-б. 4-т), 3-т.) | |
32. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру | |
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін – 2026 жылғы 14 қарашадан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.