ИПБ өкілдері бір алаңда кездесіп, салымшылар сауалдарына жауап берді

    Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары нарықтық жағдайларда елімізде де, шетелде де әртүрлі валютадағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестицияланады. Нәтижесінде инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сондай-ақ, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер.

    Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Әлемдегі зейнетақы қорлары салымшылардың зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды және тиімді мүмкіндіктерді үнемі іздестіріп отырады. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн-форматта "Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау" тақырыбында Ашық есік күні өтті.

    Бұл оқиға бірегей болды. Басқарушы инвестициялық компаниялардың өкілдері алғаш рет бір онлайн-алаңда кездесіп, барлық қызығушылық танытқандарға өздерінің инвестициялық саясаты туралы баяндап, жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Салымшылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, БЖЗҚ ұйымдастырған іс-шараға қатысушылар өз жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аудару туралы шешім қабылдаған жағдайда, ең алдымен неге көңіл бөлу керек, ИПБ-ны қалай таңдаған дұрыс екендігі туралы мамандар тарапынан маңызды ақпараттар алды. Зейнетақы жинақтарын беру ережелері мен алгоритмдері туралы кәсіби кеңес берілді. Іс-шара материалдарымен Қордың ресми сайтында танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/about/press-center/projects/openday2024.php

    Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігін алды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді. Енді БЖЗҚ салымшылары міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50% дейін, сондай-ақ, ерікті жарналарынан жинақталған қорын 100% мөлшерде жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Қазір ондай компаниялардың саны - 5. ИПБ-лардың толық тізімімен, қызметтеріне жасалған шолулармен әрбір салымшы БЖЗҚ сайтында таныса алады.

    Жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру туралы шешім қабылдаған салымшы, ең алдымен, БЖЗҚ-ға өтініш жолдауы қажет. Оны Қор сайтындағы Жеке кабинет немесе ең жақын жерде орналасқан кез-келген бөлімшеге барып, беруге болады.

    Барлық қажетті ақпарат www.enpf.kz сайтындағы Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару бөлімінде, сондай-ақ, БЖЗҚ/ЕНПФ Youtube-арнасындағы https://www.youtube.com/watch?v=9EbYNGd0NXI сілтемесі бойынша бейненұсқаулықта берілген.

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға аударғаннан кейін де олардың есебін жүргізуді жалғастыра береді. Әрбір салымшы жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірмеден ИПБ-ның оған қанша кіріс кіргізгені туралы ақпаратты көре алады. Алайда инвестициялық қызметтің нәтижелерін ұзақ мерзімдік кезең ішінде бағалауға кеңес береміз. Әлеуметтік Кодексте жинақтарды бір ИПБ-дан екіншісіне немесе ҚР ҰБ-тың басқаруына жылына тек бір рет қана аударуға болатындығы айқындалған.

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару кезінде есте сақталуы қажет маңызды жәйт: зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы жинақтар бойынша беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған жағдайда, мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Ол активтер кірістілігінің ең төменгі деңгейінен кем болмайтын мөлшердегі кіріспен қамтамасыз етуі керек. Бұл деңгей зейнетақы активтерін басқару нарығында жұмыс істейтін барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептеледі.

    Салымшылар зейнетақы жүйесінің барлық мәселелері бойынша ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарына келіп немесе онлайн режимінде: enpf.kz сайты, түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ, "Ашық есік күні" бірегей іс-шарасы арқылы ала алады.

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңны...

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округі әкімі сайлауы өтті. Үржар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйке...

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Информация о местах (помещениях) для встреч с избирателями в Урджарском районе области Абай

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Нәтижелер

    Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы АКТ

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалар

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарастыру нәтижесі туралы Ақпарат

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    График представления респондентами первичных статистических данных по общегосударственным статистическим наблюдениям в июле 2026 года

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды: