Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 3 тоқсан 2026 жыл

    Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті

    2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау мәселелері қаралды.

    Аталған мәселелер бойынша Департамент басшысы Жакупбекова Гаухар Н а биевна және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Онгаркулова Жанар Онгаркуловна баяндама жасап, лицензиялау талаптары, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жүйелеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңес барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

    2026 жылғы 28 тамызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2026–2027 оқу жылына дайындық туралы» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке Департамент басшысы Жа ку пбекова Гаухар Н а биевна және Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төребеков Маратбек Жақыпбекұлы қатысты.

    Брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық, білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға әзірлігі және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

    Сонымен қатар, тоқсан ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, лицензиялау, аттестаттау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жүктеу
    Информационно-разъяснительная работа. 3 квартал 2026 год
    Информационно-разъяснительная работа. 3 квартал 2026 год
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2027 жылы Ұлытау облысының білім бөлімдерінің жоспарлы тексеріс тізбесі

    Бұйрық

    2027 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесі

    Ақпарат

    АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН-ҚАРАША-ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    №р/с Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы Азаматтарды қабылдаудың күні және уақыты Қабылдау орны, бөлме нөмірі, байланыс телефоны 1 2 3 4 1. Жакупбекова Гаухар Набиевна Департамент...

    Есеп

    ЕСЕП 2026 жылғы III тоқсандағы әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыс туралы

    2026 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау бойынша жұмыс жүргізді. Әкімшілік құ...

    Есеп

    «Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің 2026 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтамалық есеп

    2026 жылдың ІІІ тоқсанында Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу...

    Есеп

    2026 жылғы III тоқсанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспардың орындалуы туралы

    2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес бірқатар профилактикалық және ақпараттық-түсінд...

    Есеп

    2026 жылдың 3 тоқсандағы азаматарды қабылдау бойынша ЕСЕП

    2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілді. 2026 жылғы 11 қыркүйекте қабылдау барысында «Мирас» жекеменшік мектепке дейінгі ұй...

    Есеп

    Мониторинг нәтижелері ІІІ тоқсан 2026 жыл

    Ұлытау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторингтің II кезеңі өткізілді Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының д...