«№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагог (1 бірлік) қызметінің бос орнына конкурс жариялайды

    Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі

    Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Әлеуметтік педагог (1 бірлік) қызметінің

    бос орнына конкурс жариялайды

    Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік педагог (1 бірлік) қызметінің бос орнына конкурс жариялайды

    Кәсіпорынның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

    Конкурсты өткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Строительная 8 үй

    Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-40-99

    Электрондық мекен-жайы: oosh-44@mail.ru

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    22.06.2026-30.06.2026 жж.

    Қабылдау уақыты:

    Дүйсенбі – жұма, сағат 09:00 – 18:30

    (Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30)

    Маңызды ескерту:

    Конкурс туралы хабарландыру Enbek.kz, мектептің ресми сайтынна және Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы білім бөлімі» сайтына жарияланады. Құжаттар соңғы жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

    Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

    • жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
    • және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
    • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
    • Қазақ және орыс тілдерін білу.

    Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.07. 2009ж. №338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-бөлімі 3-тарауының 11-тармағының талаптары негізінде:

    Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

    әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

    білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

    жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

    жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

    сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

    әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

    білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

    педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

    білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

    білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

    білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

    Білуге тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Педагог мәртебесі туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    Білуге тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Педагог мәртебесі туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы " заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

    педагогика мен психология;

    пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

    педагогикалық этиканың нормалары;

    медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

    оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

    құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

    еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

    Құжаттар тізімі:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

    1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

    7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

    11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

    12) осы Қағидаларға 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

    13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

    Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

    Байланыс телефоны: 8 (7222) 42-40-99

    Электрондық мекен-жайы: oosh-44@mail.ru

    Мемлекеттік білім беру
    ұйымдарының бірінші
    басшылары мен педагогтерін
    лауазымға тағайындау,
    лауазымнан босату
    қағидаларына
    3-қосымша

    Нысан

    «№44 ЖОББМ»КММ

    ___________________________
    (Т. А. Ә.)

    ЖСН_________________________________
    Мекен-жайы___________________________

    Телефон______________________________

    ӨТІНІШ

    Мені ________________________________________________________________

    (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

    __________________________________________________________________

    Бос / уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

    Қазіргі кезде_________________________________________________________

    (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

    Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

    орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

    Оқу орнының атауы

    Оқу кезеңі

    Диплом бойынша мамандығы

    Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

    __________________________________________________________________

    Жұмыс өтілі:

    Жалпы

    Педагогикалық

    Мемлекеттік қызмет өтілі

    Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

    Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

    Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

    Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

    "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

    Мен келісемін ___________________________________________________

    (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

    "____"______________20___жыл __________ /қолы

    Мемлекеттік білім беру
    ұйымдарының бірінші
    басшылары мен педагогтерін
    лауазымдарға тағайындау,
    лауазымдардан босату
    қағидаларына
    13-қосымша

    Нысан

    Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағы _______________________________________________________________________

    Т.А.Ә. (бар болса)

    Өлшем шарттар

    Растайтын құжат

    Балл сандары

    1.

    Білім деңгейі

    Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

    Техникалық және кәсіптік - 1 балл
    Техникалық және кәсіптік үздік - 2 балл
    Жоғары - 3 балл
    Жоғары үздік -4 балл

    2.

    Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі

    Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат

    PhD докторы - 15 балл
    Ғылым докторы, ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл
    Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл

    3.

    Сертификаттаудан өту нәтижелері

    Сертификат

    50 % - 2 балл
    60-80 % - 4 балл
    80-100% – 6 балл

    4.

    Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері

    Білімі туралы дипломға қосымша

    "3" – 2 балл
    "4" – 3 балл
    "5" – 4 балл

    5.

    Оқу орнынан ұсыным хат

    Ұсыным хат

    Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл

    6.

    Волонтерлік жұмысқа қатысу

    Қатысу құжаты

    1 балл

    7.

    Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар)

    Сілтемелер

    1 жылға дейін -1 балл
    1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл
    3 жылдан жоғары -3 балл

    8.

    Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу

    Қатысу құжаты

    2 балл

    9.

    Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.)

    Қатысу құжаты

    Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды

    10.

    ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, "Python бағдарламаның негіздері", "Microsoft-та жұмыс істеуге үйрету" бағдарламалары бойынша оқыту
    Курсера
    Халықаралық курстар:
    TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
    CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
    DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
    CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
    TKT"Teaching Knowledge Test
    Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)" Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
    "TESOL"

    Сертификат

    1 балл (әрқайсына бөлек)

    Барлығы:

    * 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;

    ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;

    республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл.

    ** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).



    Жүктеу
    cbe35e06b458a5a8e8430e237b94c069_original.32931.docx
    DOCX · 32 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Физика мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Көркемдік жетекші)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Математика мұғалімі)

    Хаттама

    «№25 ЖОББМ» КММ конкурстық комиссия хаттамасы(Информатика мұғалімі)

    Ақпарат

    Білім беру мекемелерінің басшыларына («Поведенческие технологии в обучении детей с особыми образовательными потребностями: стратегии диагностики, обучение и поддержка» тақырыбындағы курс)

    Ақпарат

    Мектеп директорларына. Жұмыс үшін

    Ақпарат

    «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарға) 1 бос орынға конкурс жариялайды.

    Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі» КММ бастауыш сыныпмұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарға) 1 бос орынға конкурс жариялайды. Конкурс жарияланға...