Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы №2

    "Жақсы аудандық мəслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі

    ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

    № 02 хаттама

    Қоғамдық кеңестің отырысы

    Өтетін орны:Жақсы ауылы.

    Өтетін күні мен уақыты:2026 жылғы 14 мамыр, сағат 10: 00.

    Отырыс төрағасы: К.К. Құсайынов

    Отырыс хатшысы:Жүсіпова Г. Б.

    Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты: -8адам.

    Қатыспағандар: - 3(белгілісебеппен).

    Шақырылғандар: - 5

    Төраға: Сәлеметсіз бе, құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!

    Күн тәртібі:

    1. «Жақсы ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы», «Ауылдар мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы»
    2. «Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы
    3. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы
    4. Қызылсай ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» есебі
    5. Тарасов ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» есебі

    Төраға:

    1. «Жақсы ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы», «Ауылдар мен ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы»

    (Ибрагимова Айнаш Серікқызы баяндаманы оқиды)
    (баяндама қоса тіркеледі)

    Төраға:Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, Айнаш Серікқызына сұрақтарыңыз бар ма?
    (Сұрақтар жоқ)

    Төраға:Күн тәртібіндегі екінші мәселені қарауға көшеміз:
    «Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы»

    ( Абылқасымова Жадра Сайлауқызы баяндаманы оқиды)
    (баяндама қоса тіркеледі)

    Төраға:Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
    Барлық қызметтер тегін көрсетіле ме?
    Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бөлімге шағымдар түседі ме?
    Шағымдар түскен жоқ.
    (Сұрақтар жоқ)

    Төраға:Күн тәртібіндегі үшінші мәселені қарауға көшеміз:
    «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы»

    (Занетдинова Ирина Владимировна баяндаманы оқиды)
    (баяндама қоса тіркеледі)

    Төраға:Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
    Барлық қызметтер тегін көрсетіле ме?
    Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бөлімге шағымдар түседі ме?
    Шағымдар түскен жоқ.
    (Сұрақтар жоқ)

    Төраға:Күн тәртібіндегі төртінші мәселені қарауға көшеміз:
    «Қызылсай ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» есебі»

    (Ахметов Сайранбек Келденұлы баяндаманы оқиды)
    (баяндама қоса тіркеледі)

    Төраға:Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
    (Сұрақтар жоқ)

    Төраға:Күн тәртібіндегі бесінші мәселені қарауға көшеміз:
    «Тарасов ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» есебі»

    (Ахметов Сайранбек Келденұлы баяндаманы оқиды)
    (баяндама қоса тіркеледі)

    Төраға:Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, сұрақтарыңыз бар ма?
    (Сұрақтар жоқ)

    Төраға:Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Уақыт бөліп қатысқандарыңызға рақмет.

    Ұсыныс беру:

    1. «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ:

    - «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының ақпараты назарға алынсын;

    - жоспарланған іс-шараларды бюджет бағдарламаларына сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отырып, уақытылы әрі сапалы орындау;

    - республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді қоса алғанда, бюджет қаражатының толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз ету.

    1. «Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ:

    - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы хабардар ету;

    - мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

    1. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ:

    - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы хабардар ету;

    - мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

    1. Қызылсай ауылдық округінің әкіміне:

    - Қызылсай ауылдық округі әкімінің ақпараты назарға алынсын;

    - Қызылсай ауылдық округін абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

    - жолдардағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу;

    - ауыл көшелерін одан әрі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;

    - көше жарықтандыруына қызмет көрсетуді бақылауда ұстау.

    1. Тарасов ауылдық округінің әкіміне:

    - Тарасов ауылдық округі әкімінің ақпараты назарға алынсын;

    - Тарасов ауылдық округін абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

    - жолдардағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу;

    - ауыл көшелерін одан әрі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;

    - көше жарықтандыруына қызмет көрсетуді бақылауда ұстау.

    6.Қоғамдық кеңес мүшелеріне ұсынамын:

    1. Қоғамдық кеңестің отырысына күн тәртібіне өз сұрақтарын енгізу;

    2.Ауданда құрылыс объектілерін мониторингілеу, жолдарды жөндеу, ауыз судың сапасы бойынша жұмысты күшейту.

    Жақсы ауданы Қоғамдық

    кеңестің төрағасы Қ. Құсайынов

    Жақсы ауданы Қоғамдық

    кеңестің хатшысы Г. Жүсіпова

    Жүктеу
    0862014e7c0450e04e9229a393d3bf42a43064c6ec1b83838bc6db16d1c26686_original.495096.pdf
    PDF · 483 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралыЕреже 1-тарау. Жалпы ережелер «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Ж...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Құжат

    2026 жылғы 22 тамыздағы № 41 депутаттық сауал (Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары)

    2026 жылғы 22 тамыздағы № 41 депутаттық сауал (Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары)

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы

    Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өз...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

    Сегізінші шақырылғанЖақсы аудандықмәслихатыныңкезектен тысалпыс төртіншісессиясының күн тәртібінбекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республик...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы

    Жақсы аудандықмәслихатының 2023 жылғы26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскеліксайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімінеенгізілген өзгерістерді бекітутуралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

    Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респ...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы №1

    ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ № 01 хаттама Қоғамдық кеңестің отырысы Өтетін орны:Жақсы ауылы. Өтетін күні мен уақыты:2026 жылғы 19 наурыз, сағат 10: 00. Отырыс төрағасы: К.К. Құсайынов Отырыс хатшысы:Жүсіпова Г. Б. Қоғ...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы №3

    ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ № 03 хаттама Қоғамдық кеңестің отырысы Өтетін орны:Жақсы ауылы. Өтетін күні мен уақыты:2026 жылғы 25 қыркуйек, сағат 10: 00. Отырыс төрағасы: К.К. Құсайынов Отырыс хатшысы:Жүсіпова Г. Б. Қ...

    Жақсы ауданының мәслихатыЖарияланды: