Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Қызылбұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Қызылбұлақ сайлау округі - Қызылбұлақ ауылдық округінің аумағының шекарасында.
2. Сайлау округінің шекарасы, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Ж. Жанбырбаев
ХатшыЖ. Бакбергенов
Қарауылкелді ауылы
2026 жылғы 30 қыркүйек
№17