Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

    Хабарландыру
    жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
    Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
    2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер «Документолог» жүйесі арқылы үлгіге сәйкес баянат және қалыптастырылған қызметтік тізімді ШҚО бойынша ҚАЖД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліміне хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
    Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
    1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

    ШҚО бойынша ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
    - Пробация қызметі бөлімінің бастығы C-SVR-4 санаты;
    - Пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары C-SVR-5 санаты;
    - мекеме бастығына C-SGU-3 санаты;
    - мекеме бастығының орынбасарына C-SGU-4 санаты;
    - мекеме бастығының орынбасарына C-SGU-6 санаты;
    - мекемелердің бөлім бастығына C-SGU-8 санаты;
    - мекемелердің бөлім бастығының орынбасарына C-SGU-10 санаты;
    - мекемелердің бөлімше бастығына C-SGU-10 санаты;

    2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
    3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
    Сұрақтар туындаған жағдайда ШҚО бойынша ҚАЖД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліміне хабарласуға болады, каб. № 100, 102, анықтама телефондары 8 (7232) 70-18-94, электрондық мекенжай [email protected].

    Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.


    ШҚО бойынша ҚАЖД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімі

    Жүктеу
    2f639153e68757e7d8032b91fb306a3940dfc711bcdf4216a91211b843c599f9_original.23026.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Хабарландыружоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қы...

    ШҚО бойынша ҚАЖДЖарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бос ішкі істер органдарының, кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, 070013, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Леваневский көшесі, 2...

    ШҚО бойынша ҚАЖДЖарияланды: