2020 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдамалық анықтама
2020 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының есебі бойынша Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 9 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» Тізіліміне, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 94 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 94 қызметтің ішінде:
- 81 қызмет түрінің регламенттері бекітілген;
- 13 мемлекеттік қызмет түрінің регламенті бекітілмеген.
Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы барлығы
9 210 (жеке тұлға -8707; заңды тұлға-503) мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде;
- мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жеке тұлғаға - 1819, заңды тұлғаға – 373;
- мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламалы түрде жеке тұлғаға -3455, заңды тұлғаға -2;
- қағаз жүзінде баламасыз түрде жеке тұлғаға -153, заңды тұлғаға -3;
- электрондық үкімет порталы арқылы жеке тұлғаға -1564, заңды тұлғаға-124;
- «е-Рұқсат» дерекқоры арқылы электронды түрде жеке тұлғаға -56, заңды тұлғаға-1;
- мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы-1 660 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2019 жылғы 8 желтоқсандағы № 8 бұйрығымен бекітілген Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ветеринария бөліміне, ауылшаруашылығы бөліміне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, экономика және қаржы бөліміне, білім бөліміне, ветеринариялық қаржы бөліміне, Ақтоғай ауданының білім бөлімі бойынша жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 27 бағынысты мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы бөлімінде және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде, халықты жұмыспен қамту орталығында, білім бөлімінде, ветеринариялық станцияда заң бұзушылықтар анықталды. Заң бұзушылықтарға жол берген 4 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып жіберілген заң бұзушылықтар қалпына келтірілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша барлығы 16 ұсынылым ұсынылды. Оның 13-і толық орындалды. Үш ұсынымның орындалмау себебі:
- «Ақтоғай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-е талапқа сай пандус орнату үшін мекеме тарапынан қаржы қаратуға өтінім беріліп, жауабын тосуда;
- «Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясы» КММ жалдамалы тұрғын үйде орналасқандықтан пандус қойылмаған. 2020 жылы жеке мекемемен қамтамасыз етілгенде мүгедектерге арналған жағдай толық жасалынады;
- Ветеринариялық станцияға тексеріс жүргізілген уақыт 2020 жылдың аяғы болғандықтан мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберу мүмкін болмады. Сол себепті жауапты мамандар біліктілігін арттыру курсынан 2021 жылдың 1-жарты жылдығында өтеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде 2020 жылы барлығы 15 бас тарту болды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, электронды үкімет порталы «е-gov» арқылы қызмет алу үлесін арттыруға, ЭЦҚ алу бойынша 126 түсіндірме іс-шаралары (мемлекеттік қызметтердің 4 рет жәрмеңкесі, жиындар, 7 баннер, буклеттер, жергілікті БАҚ мақалалар, видео жазбалар, ашық есік күндері т.б.) өткізіліп оған 7490 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас дағдысын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курсынан 32 қызметкер өтіп сертификатқа ие болды.
IV тоқсанның қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бүгінгі күнге дейін қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ.
Аппарат басшысының м.а. А.Жармағанбетов