2026 жылғы 21 маусымда Мүткенов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 988 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 516 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Мүткенов ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абылшаиков Айбек Канагатович үшін сайлаушылардың 458 дауысы берілді,
Мадеева Расима Даутовна үшін сайлаушылардың 31 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19.
Сайлау қорытындылары бойынша Мүткенов ауылдық округі әкімі болып Абылшаиков Айбек Канагатович сайланды. Ол 1993 жылы туған,
«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының тұрғыны.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы