Үржар ауданы бойынша Агроөнеркәсіптік кешені саласында жүргізілген жұмыстар туралы

    Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты

    Үржар ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы ірі аудандардың бірі. Ауыл шаруашылығы саласының негізін егін шаруашылығы және мал шаруашылығы құрайды. Жалпы статистикалық ақпаратқа сүйенсек аудан бойынша 1912 шаруа қожалық және ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын 10 ЖШС тіркелген. Шаруа қожалықтың 1019 егін шаруашылығымен, 723 мал шаруашылығымен және де 170 қожалық аралас саламен айналысады.

    2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 33 млрд. 667,4 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 101,2% өсіммен қамтамасыз етілді. Соның ішінде мал шаруашылығы саласында 13355,4 млн. теңге және өсімдік шаруашылығында 20312 млн. теңге.

    Облыс бойынша өндірілген өнімдерінің 12,0% Үржар ауданына тиесілі (облыстық көрсеткіш 278 768,6 млн. теңге).

    Соңғы 2 жылда ауданның ауыл шаруашылығы саласында жұмсалған инвестиция көлемі 9,7 млрд. теңге, соның ішінде ағымдағы жылдың 9 айында 4,4 млрлд. теңге болды.

    Соңғы 2 жылда ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарыменен 7 млрд 395,54 млн. теңгеге 462 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникалары сатылып алынды: соның ішінде 2024 жылдың 10 айында 3 млрд. 221,7 млн. теңгеге177 бірлік.

    Биылғы жылы барлық егістік алқабы 110 930,8 га, соның ішінде 35 164,6 га дәнді дақылдар, 44 983,4 га майлы дақылдар (оның ішінде күнбағыс 43 876,1 га, мақсары 366 га, соя 667,9 га, зығыр 73,4 га), 270,8 га картоп, 1 356,6 га көкөністер, 1 151 га бақша дақылдары және 28 004,4 мал азығы дақылдары құрады.

    Аудан бойынша 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындалып қолданылған жаздық дәнді-дақылдар тұқымы 8751 тонна. Дайындалған тұқымдар 100 % «Казагрэкс» зертханасында тексерілді, тексерілген тұқымның 2012 тоннасы 1 классты, 6739 тоннасы 2 классты тұқымдар.

    Бұған қосымша шаруашылықтар тұқым сататын мекемелерден 20 тонна элиталы бидай және күнбағыстың 7 мың егіс бірлігі (посевных единиц) нәсілді тұқымдарын келісім-шарт жасап сатып алып, егістікке қолданылды.

    Биылғы жылы жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында ауданымыздағы ауыл шаруашылық құрылымдары 3584 тонна минералды тыңайтқыштарды егістік алқаптарына қолданды.

    Егін шаруашылығын қолдау мақсатында 2023 және 2024 жылдары ауыл шаруашылығы құрылымдарына егістікте пайдаланған жоғары сапалы тұқымдарға, гербицидтерге және минералды тыңайтқыштарға 571,5 млн. теңге субсидия қаражаты төленіп берілді.

    Соңғы жылдары ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары егістікте суды үнемдеу технологиясына үлкен мән беруде. Бүгінгі күні 1200 га жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады, оның ішінде: «Мухит Агро» ЖШС-гі 183 га қытай бұршақ және 777 га жүгері алқабын, «Алғабас» шаруа қожалығы 220 га жүгері алқабын және «Болашақ» шаруа қожалығы 20 га бидайды жаңбырлату әдісі суғарды.

    «East Agro» ЖШС-гі Көкөзек ауылында Сартерек учаскесінде 17 бірлік жанбырлатқыш қондырғыны сатып алып орнатты. Бүгінгі күні су алу және жабдықтау инфрақұрылымын салу бойына жұмыстар атқаруда. Аталған кәсіпорын суды үнемдеу технологиясымен 1360 га жерді игеруді көздеп отыр.

    2024 жылғы көктемгі, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары «GosAgro kz» ақпараттық жүйесі арқылы дизель отынына өтілімдерін беріп, 996,6 тонна дизель отынын арзандатылған бағамен көктемгі егістікке және күзгі дала жұмыстарына пайдаланды.

    Мал шаруашылығы саласында 01.09.2024 жыл кезеңіне ірі қара саны 66 434 басты құрап ( 149,4%), облыстағы үлесі 8,3% болды (облыстық көрсеткіш 804 406 бас), оның ішінде сауын сиырлар – 29 497 бас (140 %). Қой мен ешкі малы 110 483 басты құрап (128,2%), облыстағы үлесі 9,4 % болды , жылқы – 16 118 басқа жеткізіліп, облыс деңгейіндегі үлесі 4,4% құрады. Сонымен қатар, аудан бойынша түйе 9 бас және үй құстары 169 391 басты құрады .

    Сойылып сатылған ет көлемі – 4 577,2 тоннаны құрап, 106,4 %-ға, сауылған сиыр сүті – 23 553 тоннаны құрап, 100,3 %-ға, жұмыртқа – 8 899,3 мың дананы құрап, өсімі 100,1 %-ға жеткізілді.

    Ауданда 3400 бас ірі қара малына арналған 6 мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда. 3 мал сою пункттері, 2 мал сою алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.

    Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 2023-2024 жылдың қыстамасына 119,4 мың тонна қатаң мал азығы (шөп), 1,5 мың тонна пішендеме, 2,3 мың тонна жүгері сүрлемі, 13,9 мың тонна сабан және 10,6 мың тонна жем дайындалды.

    Ауданымызда асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен 31 шаруа қожалық, асыл тұқымды қой шаруашылығымен 26 шаруа қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 6934 басты (жалпы аналық малдың 23,5%), асыл тұқымды қойдың саны 8160 басты құрайды (жалпы аналық қойдың 10,9%).

    Ағымдағы жылы ауданымызға еліміздің басқа облыстарымен аудандарынан 266 бас ірі қара малы, 58 бас жылқы сатып әкелінді.

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында ауданның 96-шаруа қожалықтарына 2023 жылы 383 464 313 теңге субсидия төленді. Ал биылғы жылы осы мақсатқа 108 шаруа қожалықтарына 125 135 000 теңге субсидия төленді.

    Соңғы 2 жылда түрлі мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалар шеңберінде қаржылық институттары арқылы аудан бойынша барлығы 3025,4 млн. теңгеге 150 жоба қаржыландырылды, соның ішінде «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 1951,1 млн. теңгеге 121 жоба, «Даму» АҚ арқылы 1074,3 млн. теңгеге 29 жоба несиелендірілді.

    2,5%-дық несиелер беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша СПК "Семей" агентіне жалпы соммасы 583,7 млн.теңгеге 109 жоба несиелендірілді.

    Жүктеу
    2bb394819e4244690dbf858edc8259e2_original.17369.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу
    9464e961a521508562479c63af1f972f_original.86016.doc
    DOC · 84 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңны...

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 19 шілдеде Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округі әкімі сайлауы өтті. Үржар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйке...

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Информация о местах (помещениях) для встреч с избирателями в Урджарском районе области Абай

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Нәтижелер

    Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы АКТ

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалар

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарастыру нәтижесі туралы Ақпарат

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    График представления респондентами первичных статистических данных по общегосударственным статистическим наблюдениям в июле 2026 года

    Үржар ауданының әкімдігіЖарияланды: