а.Белоглин 19.06.2026
Құрамында «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі ауылдық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Белоглин ауылдық округі әкімдігінің мамандары бар жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді, «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келесі бағыттар бойынша:
- 2026 жылғы 18 мамырдан 5 мамырға дейін мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,
- 2026 жылғы 5 маусымнан 18 маусымға дейін ауылдық округтің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ол Белоглин ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарабалық ауданының әкімдігі болып табылады.
2025 жылғы шілде-желтоқсан айлары аралығында Белоглин ауылдық округінің әкімі мемлекеттік органның қызметін реттейтін 58 өкім шығарды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 29 өкім, жеке құрам бойынша – 29 өкім.
2026 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік органның қызметін реттейтін 40 өкім шығарылды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 15 өкім, жеке құрам бойынша – 25 өкім.
«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «E-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы және ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауы барысында жүзеге асырылады. 2025 жылы жеке тұлғалардан 3 өтініш тіркелді. 2026 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша 2026 жылы жеке және заңды тұлғалардан тіркелген өтініштер болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібі қатаң сақталады. Келіп түскен өтініштер олар түскен күні тіркеліп, уақтылы ауылдық округ әкіміне қарауға жолданады. Қайталама өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.