2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

    Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қойтас ауылдық округінің әкімімен тұрғындармен өткізілген тұрақты кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2026 жылғы 29 сәуірдегі №15 өкім негізінде Қойтас ауылдық округі тұрғындарына пошта қызметін көрсету мәселесіне байланысты «Қазпошта» АҚ «Астана поштамты» филиалының ресми жауабы негізінде төмендегіні хабарлаймыз.

    Округта штаттық кесте бойынша пошташы лауазымы қарастырылмаған. 2025 жылғы 4 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін пошташының міндеттерін №100000-30-2025-216571 өтелмелі қызмет көрсету шарты негізінде С.А. Құсайынова атқарған.

    Аталған шарттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты пошта қызметін көрсету қажеттілігі қайта қаралған. «Қазпошта» АҚ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы округта тұрақты пошташы қызметін ұстауға қажетті жұмыс көлемі қалыптаспағандықтан, тұрақты пошташыға қажеттілік жоқ деп көрсетілген.

    Сонымен қатар, тұрғындардың хат-хабарлары мен мерзімді басылымдарын жеткізу қызметі толық тоқтатылмайды. «Қазпошта» АҚ мәліметіне сәйкес,округ жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды жеткізу Ерейментау аудандық бағытындағы автокөлік бағыты бойынша аптасына 1 рет жүзеге асырылатын болады.

    Осыған байланыстыокругта пошта қызметінің қысқартылуы пошта қызметіне қажетті жұмыс көлемінің болмауы және штаттық пошташыны ұстауға қажеттіліктің болмауына байланысты жүргізілгенін хабарлаймыз.

    Жүктеу
    a64d311cf25fe939eec7f64a8c67846a00bbb8a57b76932d6513f1d85a90be00_original.379308.pdf
    PDF · 370 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамызға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеге арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 маусымға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 мамырға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 сәуірге арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 наурызға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 жылғы 1 ақпанға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп