«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті деп танылсын.
- Жалағаш ауданының Ақсу ауылдық округінің сайланған әкімі болып Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы есептелсін.
- Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округінің сайланған әкімі болып Абдикалыков Куаныш Боранбекович есептелсін.
- 2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округі әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.