Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратының2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары ауылдық аумақтарды дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
2027–2029 жылдарға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарына барлығы 127 385,0 мың теңге көзделген. Оның ішінде:
- 2027 жылға – 41 907,0 мың теңге;
- 2028 жылға – 42 554,0 мың теңге;
- 2029 жылға – 42 924,0 мың теңге.
Қаражаттың негізгі бөлігі мемлекеттік қызметшілер мен техникалық персоналдың еңбекақысын төлеуге, салықтар мен міндетті аударымдарға, байланыс қызметтеріне, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарлары мен қажетті материалдарды сатып алуға, сондай-ақ қызметтер мен жұмыстарды төлеуге бағытталады.
2027 жылынегізгі бюджеттік бағдарламалар бойынша мынадай қаражат қажеттілігі қарастырылған:
- әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге – 33 416,0 мың теңге;
- елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 1 687,0 мың теңге;
- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 2 654,0 мың теңге;
- автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 4 150,0 мың теңге.
Көшелерді жарықтандыру бойынша қаражаттың бір бөлігі электр энергиясының ақысын төлеуге, сондай-ақ жарықдиодты шамдар, уақыт релесі және басқа да электротехникалық материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға бағытталады.
Елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 2 654,0 мың теңге көлемінде қаражат қажеттілігі көзделген.
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 4 150,0 мың теңге қарастыру жоспарлануда.
Бюджеттік қаражатты жоспарлау ауылдық округ аумағында мемлекеттік функцияларды тиімді жүзеге асыруға, инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты