Бөген ауылдық округі туралы мәлімет

    ·

    Атау мәні

    Бөген селосы Арал теңізінің Оңтүстік Шығыс жағалауына Сырдарияның құяр сағасына 25 км жерге орналасқан. Ауылдық совет 330000кв.м жерді қамтиды.1989 ж санақ бойынша халқының саны 2005 адам. Бөгеннің бұрынғы аты-Қалия. Бұл – әйел аты. Бұдан екі ғасыр бұрын ( ХVIII ғасырдың аяғы,ХIX ғасырдың бас кезі ).Шекті-Әлім руының бір байы екі әйелін екі ауыл етіп,теңіз жағасына орналастырған. Бірі- Қалия,екіншісі- Ақбике. Қәзіргі Бөген революцияға дейін Қалия деп аталып келген. Қалиядан 5-6 км жерде бір жағы теңіз,бір жағы көл айнала су ортасында Арал (құрлық) болған.Құрлық Арал 1987 жылы Арал теңізі қатты тасып,ой жерлерді су басқанда пайда болған. Басқа әлменді қазақтар теңіз тасығанда аралды тастап жағалауға шыққанда жарлы Бөкен деген кісі жалғыз үй қалған. Орыстың қармақшылары сол Аралда аялдаған.Оған қазақтың жалдамалы жалшылары қатынаған. Олар «Бөкенге барамын» деу салдарынан өмірге Бөген аты пайда болған. Сонымен Бөген жалшы қазақтың атына байланысты аталған. 1921 жылы Совдеп председателі В.И.Лениннің хатына жауап телеграммада Бөген атын атап көрсеткен.

    Халқы

    2026 жылы 1058 адамды (Оның ішінде 500 ер адам және 478 әйел) құрайды.

    Бөген елді мекені бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдайына жұртшылық шаруашылықтардағы малдың саны

    р/с

    Округ атауы

    Жануарлар атауы

    Бөген ауылдық округі

    МІҚ

    Жылқы

    Түйе

    Уақ мал

    1

    Бөген елді мекені

    1322

    889

    399

    1991

    Атау мәні

    Қарашалаң-төл сөзімізден жасалған көне тұлғалы ескі атау.Оның құрамындағы «шалаң» сөзі осындағы жергілікті тұрғындар тілінде «теңіз түбінің ұзын-ұзын құрақ шөбі,балдыры» мағынасында қолданылады.Осы шалаңның қара және сары түсті болып келетіні бар.Міне,осындай түр-түсіне байланысты сол жер Қарашалаң аталып,кейіннен елді мекен атына ауысқаны байқалады.Екінші бір нұсқасы:ілгеріде Арал суының толық кезінде Қарашалаң тұрған жер теңіздің Шалаңды шығанағы болған.Шалаңды шығанағы теңізді картаға түсірген Бутаковтың да жасаған картасында болған.Қарашалаң атауы содан қалған деседі.

    Қарашалаң -көл.Арал қаласынан оңтүстік-батыс бөлігінде,Сырдария өзенінің бойында.Өсімдік атынан қойылған атау.

    Қарашалаң- ауыл.Ауылдық округтегі үлкендігі жағынан 2-елді мекен.Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110км жерде,Сырдария өзенінің атырауына таяу.Бұл-төл сөзімізден жасалған көне тұлғалы ескіатау.Оның құрамындағы шалаң сөзі осындағы жергілікті тұрғындар тілінде «теңіз түбінің ұзын-ұзын құрақ шөбі,балдыры» мағынасында қолданылады.Осы шалаңның қара және сары түсті болып келетіні бар.Міне,осындай түр-түсіне байланысты сол жер Қарашалаң аталып,кейіннен елді мекен атына ауысқаны байқалады.Екінші бір нұсқасы:Ілгеріде Арал суының толық кезінде Қарашалаң тұрған жер теңіздің Шалаңды шығанағы болған.Шалаңды шығанағы теңізді картаға түсірген Бутаковтың да жасаған картасында болған.Қарашалаң атауы содан қалған деседі.

    Халқы

    2026 жылы 743 адамды (Оның ішінде 400 ер адам және 343 әйел) құрайды.

    Қарашалаң елді мекені бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдайына жұртшылық шаруашылықтардағы малдың саны

    р/с

    Округ атауы

    Жануарлар атауы

    Бөген ауылдық округі

    МІҚ

    Жылқы

    Түйе

    Уақ мал

    1

    Қарашалаң елді мекені

    1689

    655

    78

    1188

    Жүктеу
    Информация о сельском округе Боген
    Информация о сельском округе Боген
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу
    e05cad5295444ca17fb4ca4695477093_original.15469.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 477 «2026-2028 жылдарға арналған Бөген ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 477 «2026-2028 жылдарға арналған Бөген ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Арал аудандық мәслиха...

    Жарияланды: