«Бәйтерекауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Бәйтерек ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№39/7 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бәйтерек ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 108 125 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 22 740 мың теңге;
трансферттер түсімі – 85 385 мың теңге;
2) шығындар – 156 820 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -48 695 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
48 695 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 48 695 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |