БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    Исатай ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады

    «Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі–БЖЗҚ, Қор)01.01.2026 ж.бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі–ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31 желтоқсанда аталған ИПБ-ның бастамасы бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі–Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұзу жоспарланып отырғаны туралы хабарламаның алынуына байланысты қабылданды.

    Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті.

    Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген.

    Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз.

    Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    23d9e96791a28037949e7a950ec36df25b08751fd0a4c6dff6887af016f3cea5_original.66664.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен...

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейне...

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге 2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum...

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Тұрғын үй қатынастары туралы

    Тұрғынүйқатынастарытуралы

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

    «Мемлекеттіктұрғынүйқорынанберілетінтұрғынүйлердіжекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы

    Мемлекеттiктұрғынүйқорынанберілетінтұрғынүйлердіжекешелендiру қағидаларын бекіту туралы

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы

    Энергияөндіруші,энергияберушіұйымдарменжылуөндіруші,жылу тасымалдаушысубъектілердіңкүзгі-қысқыкезеңдегіжұмысқаәзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Исатай ауданы Нарын ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабар

    Исатай ауданы Нарын ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Исатай...

    Исатай ауданының әкімдігіЖарияланды: