Түркістан облысының құрылыс басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтамасына талдау жөніндегі мәжілісінің хаттамасы

    ·

    Түркістан облысының құрылыс басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтамасына талдау жөніндегі мәжілісінің хаттамасы

    Түркістан қаласы 16.06.2026 ж.

    Мәжіліс төрағасы: Басқарма басшысы орынбасары – А.Турханов

    Қатысқандар: Түркістан облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарысы Б.Раманқұов

    Облыстық құрылыс басқармасының ұжымы

    Күн тәртібінде:

    1. Түркістан облысы құрылыс басқармасының 2025 жыл мен 2026 жылғы 26 маусым аралығындағы атқарған қызметіне жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен қалыптастырылған анықтамасына талқылау жасау.

    Баяндамашы: Басқарманың әкімшілік-экономикалық бөлімінің бас маманы Г.Шадирбекова

    Мәжіліс барысында талқыланды:

    Түркістан облысы құрылыс басқармасының 2026 жылғы 5 мамырдағы №27-н/қ бұйрығымен басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

    Талдаудың мақсаты Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.

    Талдаудың міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың алдын алу мен жою болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

    2025 жыл мен 2026 жылғы 26 маусым аралығындағы уақытты қамтыды.

    Бүгінгі таңда талдау нәтижесімен төмендегідей тәуекелдер анықталып отыр:

    Түркістан облысы бойынша құзыретті органдардың тексеру нәтижелері бойынша

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру барысы бойынша

    1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қою;

    2) құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау актілеріне қол қою және рәсімдеу;

    3) құрылыс жұмыстарының өндірістік кестелерін бекіту.

    4) айыппұл санкцияларын қолдану.

    Жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және бекіту барысы бойынша

    • Сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу барысында тапсырыс беруші мен мердігер тікелей қарым-қатынасқа түсуі

    Жоғарыда анықталған тәуекелдерді жою мақсатында төмендегідей ұсынымдар беріліп отыр:

    - құрылыс процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерді жоюдың шешімін қарастыру мақсатында тараптардың орындалған жұмыс көлемдерін растауын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау, оның ішінде «E-QURYLYS» және «БИТРИКС» электрондық ақпараттық жүйелерін қолдану.

    - тәуекелдерді жоюдың шешімін қарастыру мақсатында тараптардың құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау актілерін рәсімделуін цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау, оның ішінде «E-QURYLYS» және «БИТРИКС» электрондық ақпараттық жүйелерін қолдану.

    - тәуекелдерді жоюдың шешімін қарастыру мақсатында тараптардың жұмыстардың өндірістік кестесін бекітуді цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау, оның ішінде «E-QURYLYS» және «БИТРИКС» электрондық ақпараттық жүйелерін қолдану.;

    - тәуекелдерді жоюдың шешімін қарастыру мақсатында сәйкессіздіктер анықталғанда айыппұл санкцияларын қолдануды цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау, оның ішінде «E-QURYLYS» және «БИТРИКС» электрондық ақпараттық жүйелерін қолдану.

    - тәуекелдерді жоюдың шешімін қарастыру мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу барысын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау, оның ішінде «GOV.GKK.KZ» және «EGOV» электрондық ақпараттық жүйелерін қолдану.

    Мәжіліс барысында Түркістан облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Раманқұлов құрылыс саласының маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы ой-пікірлерін білдіріп өтті.

    Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, мәжіліс соңында төмендегі шешім қабылданды:

    1. Түркістан облысының құрылыс басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша қалыптастырылған анықтама назарға алынсын.
    2. Талдау нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстардың уәкілетті органға жолдануын қамтамасыз етсін.
    3. Басқарма ұжымымен сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу, жолын кесу, мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұрақты негізде жүргізілсін.

    Мәжіліс төрағасы Е.Забиров

    Хатшы Г.Шадирбекова

    Жүктеу
    Түркістан облысының құрылыс басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтамасына талдау жөніндегі мәжілісінің хаттамасы
    Түркістан облысының құрылыс басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтамасына талдау жөніндегі мәжілісінің хаттамасы
    PDF · 2,3 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Ереже

    "Түркістан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 27 мамырдағы № 117 қаулысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жә...

    Жарияланды: