Атырау облысы бойынша конкурс жариялау туралы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» Атырау облысы, Атырау қаласы М.Өтемісов көшесі 72, тел. 8 (702) 001-00-15, бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

    1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7)-1 бірлік;

    2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры(С-ОКSGP-7) -1 бірлік.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Open Academy ақпараттық автоматтандырылған жүйесінде https://talapker.prokuror.gov.kz/login сілтемесі арқылы тиісті тіркеуден өтеді.

    Тіркелгеннен кейін кандидат конкурстық іріктеуге қатысу жөніндегі нұсқаулықпен танысады, конкурсқа қатысуға өтініш береді, өтінішке қол қояды және келесі құжаттарды жүктейді:

    1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

    3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

    4) осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

    5) осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

    6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

    7) С-ОКSGP-7 санатындағы құқық қорғау қызметі лауазымдары үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалау сертификаты.

    Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

    Органның бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

    Жүктеу
    объявление
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    30.10.2026 жылғы жағдай бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 97-ө өкімін іске асыру туралы ақпарат

    30.10.2026 жылғы жағдай бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің конкурстық комиссиясымен әңгімелесудің нәтижелері бойынша конкурстың одан әрі кезеңдерінен өту үшін ұсынылған үміткерлердің тізімі

    № Үміткердің Т.А.Ә. 1. Жамбулова Аделия Мәдиевна 2. Наурызов Нурбек Қуанышұлы 3. Болатов Асқар Мырзабекұлы 4. Шерім Ерасыл Жәнібекұлы 5. Кәдірбеков Байжігіт Әділұлы 6. Нағызхан Бекзат Бауыржанұлы 7. Халықберген Нұрзира А...

    Есеп

    2026 жылғы 9 айдағы 1-ТӨ нысанды есебі

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің конкурстық комиссиясы әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді өткізу кестесі

    Комитеттің Атырау облысы бойынша департаментінің конкурстық комиссиясы әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді өткізу кестесі № Аты – жөні, тегі Әңгімелесу күні Уақыты Өткізілетін орыны 1 НОЗИМОВ Мақсат Назру...

    Ақпарат

    2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ө өкімін іске асыру туралы ақпарат

    2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер...

    Хабарландыру

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бос лауазымдарына жарияланған конкурстың нәтижесі

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жарияланған бос лауазымдарға тағайындау үшін конкурстық комисси...

    Хабарландыру

    Жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру

    Құрметті қызметкерлер! «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 16.04.2025 жылғы №50 б...

    Хабарландыру

    Қостанай облысы бойынша бос лауазымдарына жарияланған конкурстың нәтижесі

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Костанай облысы бойынша департаментінің конкурстық комиссиясы бос лауазымдарға тағайындау үшін ұсынған үміткерл...