Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

    Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты

    2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.

    Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.

    Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

    Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

    Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

    Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    01.10.2026 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Ақпарат

    2026 қыркүйек

    2026 жылғы қыркүйекте мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.Дәлелді бас тартулар болған жоқ. Шағым түскен жоқ.Радиода сөйлеу -0, Авангард газетінде сөйлеу -0. Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімдігінің сайтында 20...

    Ақпарат

    Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылы әкімінің халықпен 2026 жылғы 9 қыркүйекте өткізілген кездесуінің қорытындылары туралы ақпарат

    Ақпарат

    2026 тамыз

    2026 жылғы тамызға мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.Дәлелді бас тартулар болған жоқ. Шағым түскен жоқ.Радиода сөйлеу -0, Авангард газетінде сөйлеу -0. Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімдігінің сайтында 2026...

    Ақпарат

    Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер жаңартылды

    Атап айтқанда, жаңа редакцияда «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі жазылған. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық м...

    Ақпарат

    2026 ШІЛДЕ

    2026 жылғы шілдеде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.Дәлелді бас тартулар болған жоқ. Шағым түскен жоқ.Радиода сөйлеу -0, Авангард газетінде сөйлеу -0. Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімдігінің сайтында 2026...

    Ақпарат

    Қазақстан бойынша постомат арқылы мемлекеттік қызметтерді беру: ол не және қалай жұмыс істейді

    Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да бүгін, 2025 жылғы 18 шілдеде Zakon.kz постоматтар қалай жұмыс істейтіні, бұл қандай сервис және кез келген ыңғайлы уақытта дайын құжаттарды қалай алу керекті...

    Жоба

    «Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 359 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 359 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1...