2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

    Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

    Мемлекеттік әлеуметтік
    тапсырысты қалыптастыру,
    оның іске асырылу
    мониторингі және нәтижелерін
    бағалау қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

    №

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

    Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

    Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

    Халықтың нысаналы тобы

    Күтілетін нәтиже

    1

    ҮЕҰ-ға арналған өңірлік азаматтық ресурстық орталықты дамыту және ауылдық ҮЕҰ-ға шағын гранттар беру

    7155,0

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Павлодар облысының ҮЕҰ-лары, бастамашыл топтар, азаматтық қоғам өкілдері, ауылдық ҮЕҰ-лар, ауылдық елді мекендердің белсенді азаматтары

    ҮЕҰ-лардың ұйымдастырушылық және жобалық әлеуеті артады; ауылдық ҮЕҰ-лардың әлеуеті дамиды; консультациялық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетіледі; ауылдық жерлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған шағын гранттық жобалар іске асырылады; азаматтық қоғамның белсенділігі артады.

    2

    Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі басымдықтарын іске асыруға, оның ішінде отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

    6678,0

    «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»
    ҚР Заңы

    Жастар, ерлер мен әйелдер, отбасылар, ерлі-зайыптылар, ата-аналар, ҮЕҰ және қоғам өкілдері

    Халықтың гендерлік теңдік және тең мүмкіндіктер мәселелері бойынша хабардарлығы артады; отбасы институты нығаяды; жауапты ата-ана болу, өзара құрмет пен отбасындағы серіктестік құндылықтары насихатталады; отбасылық құндылықтарға оң көзқарас қалыптасады.

    3

    Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің сайлау белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

    4770,0

    «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»
    ҚР Заңы

    ҮЕҰ өкілдері, қоғамдық белсенділер, жастар, волонтерлер, бастамашыл топтардың мүшелері

    ҮЕҰ өкілдерінің құқықтық және сайлау сауаттылығы артады; азаматтардың құқықтары мен қоғамдық өмірге қатысу нысандары туралы хабардарлығы жоғарылайды; сайлау құқықтарын іске асыруға және азаматтық белсенділікке жауапты көзқарас қалыптасады.

    4

    Павлодар облысы халқының патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және іске асыру

    3180,0

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Облыс халқы, жастар, оқушылар, студенттер, еңбек жастары, ҮЕҰ және қоғам өкілдері

    Патриоттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және ел мен өңірдің дамуына қатыстылық сезімі нығаяды; Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен жетістіктеріне қызығушылық артады; мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптасады.

    5

    Белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және базалық ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған ағартушылық және идеологиялық іс-шаралар сериясын ұйымдастыру және өткізу

    7684,0

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Павлодар облысының халқы, жастар, ҮЕҰ өкілдері, қоғамдық белсенділер, еңбек ұжымдары

    Азаматтардың қоғамдық белсенділігі мен жауапкершілігі артады; базалық ұлттық құндылықтар насихатталады; азаматтық қоғам мәселелері бойынша халықтың хабардарлығы артады; азаматтардың қоғамдық бастамалар мен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысуы кеңейеді.

    6

    Жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, жастар стратасының экологиялық мінез-құлық және экологиялық өмір салтын жүргізу туралы хабардар болуына және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (оның ішінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясын ілгерілету бойынша)

    73 848

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    14–35 жас аралығындағы жастар, студенттер, жас мамандар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысушылары, волонтерлер

    Жастардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігі артады; экологиялық мінез-құлық және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдылары қалыптасады; жастар экологиялық акциялар мен бастамаларға тартылады; «Жасыл ел» жасақтарының қызметі қамтамасыз етіледі; «Таза Қазақстан» акциясына жастардың қатысуы артады.

    7

    Жастар қоғамында патриоттық тәрбиені қалыптастыру

    15 000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Студенттер, жастар, әскери қызметшілер, еңбек жастары, облыс халқы

    Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық тәрбие деңгейі артады; тарихқа және мемлекеттік құндылықтарға құрмет қалыптасады; ел тағдырына деген қатыстылық сезімі нығаяды; жастар қоғамдық маңызы бар қызметке тартылады.

    8

    Жастарға тәлімгерлік, кәсіптік даярлық және әлеуметтік интеграция бағдарламаларын дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені

    8495

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    14–35 жас аралығындағы жастар, білім беру ұйымдарының түлектері, жас мамандар, NEET санатындағы жастар, әлеуметтік және кәсіби бейімделуде қиындықтарға тап болған жастар

    Жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасалады; тәлімгерлік жүйесі дамиды; кәсіби және әлеуметтік құзыреттер артады; жастардың әлеуметтік интеграциясы мен еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етіледі; өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері кеңейеді.

    9

    Жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

    15 000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    14–35 жас аралығындағы жастар, студенттер, ата-аналар, педагогтер, жастар ұйымдары

    Жастардың есірткі заттарын қолданудың салдары туралы хабардарлығы артады; салауатты өмір салтына тұрақты ұстаным қалыптасады; нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу тәсілдері туралы ақпараттану деңгейі жоғарылайды; жастар спорттық және әлеуметтік пайдалы қызметке тартылады.

    10

    Жастар арасында лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

    5000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    14–35 жас аралығындағы жастар, студенттер, ата-аналар, педагогтер, жастар ұйымдары

    Жастардың ойынға тәуелділіктің қауіптері мен салдары туралы хабардарлығы артады; жауапты мінез-құлық пен қаржылық сауаттылық дағдылары қалыптасады; ата-аналар мен педагогтердің ойынға тәуелділіктің белгілері және оның алдын алу жолдары туралы хабардарлығы артады; жастардың деструктивті ойын қызметіне тартылуының алдын алу қамтамасыз етіледі.

    11

    Отбасы және отбасы құндылықтары институтын қолдау іс-шараларын өткізу

    8804

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Жас және көпбалалы отбасылар, ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, жастар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері

    Отбасы институты мен отбасылық қарым-қатынастар нығаяды; өзара құрмет, жауапкершілік және ата-ана болу құндылықтары насихатталады; отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығы артады; отбасылық дәстүрлер мен бала тәрбиесінің оң үлгілері насихатталады; отбасылық бастамаларға қолдау көрсетіледі.

    12

    Шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу («Жайдарман»қозғалысын дамыту)

    4500

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Студенттер, 14–35 жас аралығындағы жастар, жастардың шығармашылық ұжымдары

    Жастардың шығармашылық, коммуникативтік және командалық дағдылары дамиды; өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері кеңейеді; өңірдегі «Жайдарман» қозғалысы дамиды; дарынды жастар анықталып, қолдау көрсетіледі; жастардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға жағдай жасалады.

    13

    Шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу («КВН»қозғалысын дамыту)

    4500

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Оқушылар, 14–35 жас аралығындағы жастар, шығармашылық ұжымдар мен КВН командалары

    Жастардың шығармашылық әлеуеті мен коммуникативтік құзыреттері дамиды; КВН қозғалысы қолдау тауып, дамиды; дарынды жастар анықталады; командалық өзара іс-қимыл мен мазмұнды бос уақытты ұйымдастыруға жағдай жасалады; шығармашылық жобаларға тартылған жастардың саны артады.

    14

    Облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының жобасын іске асыру және өткізу

    16 000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Дарынды және әлеуметтік белсенді жастар, жас авторлар, қоғамдық белсенділер, жастар ұйымдарының өкілдері

    Дарынды жастар анықталып, қолдау көрсетіледі; жастардың бастамалары ынталандырылады; шығармашылық, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік жасалады; жастардың қоғамдық белсенділігі және өңірдің дамуына қатысуы артады.

    15

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар инклюзиясы және оларды қолдау

    13 024

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Мүгедектігі бар балалар, ата-аналар мен заңды өкілдер, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ҮЕҰ өкілдері, әлеуметтік сала мамандары

    Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік интеграция деңгейі артады; отбасыларға ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі; инклюзивті орта дамиды; қоғамның инклюзия мәселелері бойынша хабардарлығы артады; мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларының қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері кеңейеді.

    16

    «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету

    20 000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Облыс халқы, жастар, студенттер, еңбек ұжымдары, ҮЕҰ және қоғам өкілдері

    Халықтың құқықтық сауаттылығы артады; заңнама мен қоғамдық нормаларға құрмет қалыптасады; құқықтық сана мен жеке жауапкершілік деңгейі жоғарылайды; құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейеді; заңға бағыну мәдениеті қалыптасады.

    17

    Өңірде волонтерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған іс шаралар кешенін өткізу

    25 000

    "ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы"
    ҚР Заңы

    Волонтерлер, 14–35 жас аралығындағы жастар, ҮЕҰ, бастамашыл топтар, қоғамдық белсенділер, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері

    Өңірдегі волонтерлік қозғалыс кеңейеді; еріктілік қызметке тартылған азаматтардың саны артады; волонтерлердің құзыреттері дамиды; әлеуметтік маңызы бар волонтерлік бастамаларға қолдау көрсетіледі және іске асырылады; ҮЕҰ, волонтерлер және мемлекеттік ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл нығаяды.



    Жүктеу
    Планируемые темы ГСЗ на 2027 год
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайттағы қорытындылар

    Сайттағы қорытындылар

    Анықтама

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

    Анықтама 1 2

    Бұйрық

    2026 жылғы гранттық жобалар туралы бұйрық

    Бұйрық

    Мемлекеттік грант

    2026 жылғы гранттық жоба

    Положение