Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының
6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба, оның негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
- «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына аумақ сипаттамасы және қоршаған ортаға ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Қостанай қаласының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беругежауапты
уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, бұл қандай әсерлер және неліктен Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
- Бас жоспарды бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай ықпалдарды зерттеу қажет деп есептейсіз және неге?
- скрининг материалдарында Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізуі мүмкін елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
- Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізетін ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2040 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінөткізу мерзімі: 2026 жылғы 7 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні - 2026 жылғы 6 қазан)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: [email protected], [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде Министрлік Кеңсесінің эл. мекенжайына жіберуге болады: [email protected]
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Қостанай қаласы әкімдігінің сайтында:
gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/documents/1?activities=_78045&lang=ru