"Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген:
2025 жылы ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы барлығы 1532 қызмет көрсетілді оның ішінде жеке тұлғалар үшін 502, заңды тұлғалар үшін 1030 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олар келесідей:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру бойынша 59 қызмет;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу бойынша жалпы 1028 бірлік техника оның ішінде жеке тұлғалар 138 бірлік техника, заңды тұлғалар 890 бірлік техника техникалық байқаудан өтті; Техникалық байқау жыл бойы жүргізіледі бірақ басым бөлігі шаруашылықтарына ынғайлы болу үшін ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстарына дейін аудандық газет және әкімдіктерге хабарлама беру арқылы жергілікті орналасқан жері арқылы өтеді.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру бойынша жеке тұлғаларға 254, заңды тұлғаларға 110 қызмет; оның ішінде: мемлекеттік тіркеу – 129 жеке тұлға, 65 заңды тұлға; қайта тіркеу – 33 жеке тұлға, 22 заңды тұлға; тіркеу есебінен шығару - 86 жеке тұлға, 23 заңды тұлға; тіркеу құжатының телнұсқасын алу – 6 жеке тұлға, 0 заңды тұлға;
- Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналар бойынша жеке тұлғаларға 51, заңды тұлғаларға 30 қызмет;
1.4.2. "Е-Лицензиялау" Мемлекеттік Деректер Қоры арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша, барлығы 1451 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 451 жеке тұлға, 1000 заңды тұлғалар
Қағаз түрінде мемлекеттік кепілді тіркеу бойынша 51 жеке тұлға, 30 заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қызмет қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін бөлімнің стендінде және аудандық сайтта орналастырылған. Біздің бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы іске қосылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Заң бұзушылықтар анықталған жоқ.