«____» __________ 2026 жыл №____
«Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығаруды бастау туралы»
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 20 қазандағы
№349 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 84 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, жұмысшы топтың ұсынысын және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі №1746 ұсыныс хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы №349 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
сегізінші жолдағы «құрылысқа түсетін жер көлемі (га)» деген бағандағы «0,0919» деген сандар «0,25» деген сөздермен ауыстырылсын;
- Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловке жүктелсін.
Аудан әкімі А. Абдуллаев