"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 12 айында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу - 8;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;
-жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау-0.
Сарыөзек ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетіледі, 2025 жылдың он екі айында шағымдар болған жоқ. Әкім аппаратындағы стендте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат толық орналастырылған. Әкімшілікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар.
"Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" КМҚК-на "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нен "Мемлекеттік қызмет көрсету" бағыты бойынша ақпан айында үш күндік оқуға жіберілді.
Округ әкімі аппаратында айына бір рет Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Бұл әңгіме Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау, есеп беру нысандарын қалыптастыру және толтыру мақсатында өткізіледі.