ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

    Талғар ауданы мәслихатының аппараты

    ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

    Тақырыбы: Талғар аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 9 қыркүектегі №27 өкіміне сәйкес, «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау.

    Өткізілген күні: 9 қыркүйек 2026 жыл, Талғар қаласы.

    Қатысқандар: «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері.

    КҮН ТӘРТІБІ

    Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау.

    Анықталған тәуекелдер орын алған жағдайда оларды жою, төмендету жөніндегі шараларды қарау.

    ТЫҢДАЛДЫ

    Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша мәслихат аппаратының бөлім басшысы Г.Амантайқызы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес, мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оларды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

    Мәслихат аппаратының қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу, кадрлық рәсімдер, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және тіркеу, құжат айналымы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағыттары бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді қарау.

    Мәслихат аппаратының бас маманы М.Кабденов - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар:

    1. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде лауазымды тұлғалардың шешім қабылдауындағы субъективтілік тәуекелі.
    2. Құжаттарды қарау және келісу рәсімдерінің сақталмау тәуекелі.
    3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде белгіленген мерзімдердің бұзылуы тәуекелі.
    4. Кадрлық рәсімдерді жүргізу кезінде заңнама талаптарының бұзылу тәуекелі.
    5. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі.
    6. Қызметтік ақпаратты пайдалану және оның сақталуын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер.
    7. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын бұзу тәуекелі.

    ҚОРЫТЫНДЫ

    1. Мәслихат аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілсін.
    2. Аппарат басшысы, бөлім басшысы қызметтік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
    3. Кадрлық және өзге де әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
    4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау қамтамасыз етілсін.
    5. Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілсін.
    6. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды қатаң сақтау бақылауға алынсын.
    7. Талғар аудандық мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің талдамалық анықтамасы жасалсын.
    8. Хаттамада көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысы У.Даркенбаеваға жүктелсін.

    Төрағалық етуші:

    Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М.Алибеков

    Хатшы:

    Талғар аудандық мәслихат аппаратының бас маманы М.Кабденов

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    №65-277, 12.10.2026, «Талғар ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 56-240 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Талғар ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 56-240 шешімінің күші жойылды де...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №65-276, 12.10.2026, «Талғар ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 53-216 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Талғар ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 53-216 шешіміне өзгерістер е...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №64-275, 03.10.2026, Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы

    Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-1-бабына сәйкес, Талғар...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №63-274, 30.09.2026, «Талғар ауданының Талғар қаласы мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 53-214 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Талғар ауданының Талғар қаласы мен ауылдық округтерінің 2026-2028жылдарға арналғанбюджеттері туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 53-214 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Талғар аудандық...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №63-273, 30.09.2026, «Талғар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Талғар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Талғар аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Талғар аудан...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №63-272, 30.09.2026, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі

    Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлы...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №63-271, 30.09.2026, Талғар ауданының Бесқайнар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі

    Талғар ауданының Бесқайнар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    №63-270, 30.09.2026, «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының у.м.а. Д. Топаеваның есебі туралы

    «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының у.м.а. Д. Топаеваныңесебі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару...

    Талғар ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды: