"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    "Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

    "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі - Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

    1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

    2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:

    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

    2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
    Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер –

    1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

    Басқа да толық мәліметтерді Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Бөлек ауылы, Ақтоғай көшесі н/ж, тел: 8 (72775) 57-3-89

    Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты.

    Жүктеу
    e4f46e215b6ad7a188cd6b08b9c00aeafec2c80bc5c2b7691389d62cf5841fb6_original.15232.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу