«Саран қалалық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Аппарат Саранского городского маслихата

    «Саран қалалық мәслихатының аппараты» ММ

    сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Қарағанды қ. 2025 жылғы 30 желтоқсан

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №49-н өкімі негізінде «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талданатын кезеңі: 2025 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін (қоса алғанда). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 29 желтоқсан мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Аппараттың қызметі «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады.

    Құзырет мәселелері бойынша мәслихат сессияларында қабылданатын шешімдер жергілікті өкілді органның актілері болып табылады.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде мәслихаттың 11 сессиясы (4 кезекті және 7 кезектен тыс) өткізілді. Мәслихаттың 87 шешімі қабылданды, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер (НҚА) – 19 (әділет органдарында тіркелген - 5, тіркеуге жатпайтын - 14, жарияланған -19).

    Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің мониторингі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Мониторингтің нәтижесі актілер қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келмеген жағдайда уақтылы шаралар қабылдау болып табылады. Мәслихаттың нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат шешімдерінің әзірленген жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдердің жобалары бойынша облыс кәсіпкерлерінің аккредиттелген қауымдастықтарының қорытындылары бар.

    1. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    2.1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау:

    Аппарат қызметкерлерінің штат саны 6 бірлікті құрайды, оның ішінде: мәслихат төрағасы – 1, мемлекеттік қызметшілер – 4 бірлік. Есепті кезеңде бос лауазымдар – 1 бірлік.

    Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес еңбек тәртібін, талаптары мен нормаларын сақтайды.

    Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

    2025 жылы -0 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарында, сондай-ақ 8 депутат оқытудан өтті.

    Барлық мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына кірістер туралы декларацияларды уақтылы ұсынады.

    Бұқаралық ақпарат құралдарының жүргізілген мониторингі аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс Жарияланымдар болмағанын көрсетті.

    Аппарат қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік жауаптылық, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

    Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталған жоқ (осы Талдамалық анықтамаға қосымша).

    Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:

    Туыстық байланысы бар не ерлі-зайыптылар болып табылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілері тығыз бағыныста не өзара іс-қимылда жұмыс істемейді, мүдделер қақтығысы анықталмаған.

    Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың туындау қаупі жоқ.

    2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

    Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

    2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

    Аппарат рұқсат беру функцияларын атқармайды.

    2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

    Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.

    2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

    2025 жылы аппаратты ұстауға бюджет қаражаты бөлінді, атап айтқанда:

    001 «Мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 66,851млн. мың теңге, оның ішінде 66,839 млн. мың теңге немесе жоспарға 100% игерілді; 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 17,890 млн. мың теңге, оның ішінде 17,890 млн. мың теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

    Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары болған жоқ. Демеушілік және қайырымдылық көмек қаражатының түсімдері мен шығыстары болған жоқ.

    Аппараттың бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында жарияланған.

    Мемлекеттік сатып алу бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі.

    Өткен кезеңде аппаратта 53 мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде: 15 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 29 – өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден, 9 – тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден. Мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу:

    2025 жылы заңды тұлғалармен 53 шарт жасалды, оның ішінде 53 шарт орындалды.

    2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

    Аппарат ақпараттық жүйелер әзірлемейді.

    Аппаратта мынадай ққпараттық жүйелер пайдаланылады: БҚА, МОИП, «Е-қызмет» АЖ, «Е-Otinish» АЖ, ЕШАЕБЖ, «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерия (1С-Кәсіпорын)» бағдарламасы 4.01-редакция, бюджеттік жоспарлау және қаржыландырудың eAkimat365 талдамалық кешені, интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйеге» орналастыру. «Ашық НҚА» және «Ашық бюджеттер» Ашық үкімет порталдарында, электрондық еңбек биржасында, МО ИРБП жеке кабинеттері бар.

    2.9. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

    Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

    Есепті кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.

    Мәслихат төрағасының және мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының азаматтарды қабылдау кестелері ақпараттық стендте және мәслихат сайтында жарияланған.

    «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Аппарат басшысы _______________ З. Малшибекова

    Жүктеу
    ee0d9d79b5c83d629115cfd125339191f9c755b0b85d5187c84936e1e3a57616_original.32198.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қарағанды облысының Саран қалалық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарағанды облысының Саран қалалық мәслихатының участкелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ақпарат

    Келушілерді қабылдау кестесі

    Бекiтемiн Саран қалалық мәслихатының төрағасы __________ О. Баймаганбетов 2026 жылғы 5 қаңтар «Саран қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2026 жылғы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Қабы...

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ақпарат

    «Саран қалалық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Бекітемін Саран қалалық мәслихаты аппаратының басшысы ________________________З. Малшибекова «9» қантар 2026 жыл «Саран қалалық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін се...

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ақпарат

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН «САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» ММ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗБЕСІ 2026 жылға

    БЕКІТЕМІН Саран қалалықмәслихаты аппаратыныңбасшысы ______________ З.Б. Малшибекова «12» қаңтар 2026 жыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН «САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» ММ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗБЕСІ 2026 жылға...

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ереже

    Ереже

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдедегі Саран қалалық мәслихаты депутаттарының тізімі

    Список депутатов Саранского городского маслихата 8 созыва (19 марта 2023 г.) № округа Фамилия, имя, отчество № удостов., когда, кем выдано Год рождения Националь ность Место работы Адрес места жительства Партий- ность 1...

    Аппарат Саранского городского маслихатаЖарияланды:
    Басқа

    Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған жоспары