Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 296/38 «2026 - 2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 296/38 «2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 86 740 527 мың теңге;
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 60 779 187 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 218 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 791 998 мың теңге;
арнаулы түсімдер - нөлге тең,
трансферттер түсімдері - 21 951 342 мың теңге;
2) шығындар - 88 315 935 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -116 568 мың теңге;
соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 35 346 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 151 914 мың теңге;
- қаржы активтерімен операциялар
бойынша сальдо - нөлге тең,
соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - нөлге тең;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 458 840 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
1 458 840 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2026 жылға арналған Екібастұз қалалық бюджетінде ауылдардың, поселкелердің және ауылдық округтердің бюджеттіне берілетін жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер келесі өлшемдерде қарастырылды:
285 601 мың теңге – Бәйет ауылдық округінің Атығай ауылында, Қоянды ауылдық округі Қоянды ауылында және Солнечный поселкесінің автомобиль жолдарына күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;
314 146 мың теңге – Ақкөл ауылдық округі, Бәйет ауылдық округі, Теміржол ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы, Сарықамыс ауылдық округі, Төрт-Құдық ауылдық округі, Шиқылдақ ауылы, Екібастұз ауылдық округі, Солнечный поселкесі және Шідерті поселкесінде ауылдық елді мекендерді абаттандыруға;
69 520 мың теңге – Екібастұз ауылдық округінің Тай ауылында, Солнечный поселкесінде балалар ойын алаңын орналастыруға;
97 639 мың теңге – Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылының кіре беріс жолына күрделі жөндеуге;
9 431 мың теңге – Солнечный поселкесі және Шідерті поселкесінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;
10 158 мың теңге – Шиқылдақ ауылының автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
3 800 мың теңге – Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында және Шиқылдақ ауылындағы әкім аппараты ғимараттарына күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев