Бекітілген
Ақсай ауылы әкімінің өкімімен
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№26
«Ақмола облысы Есіл ауданыАқсай ауылыәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы бекіткен № 285 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) қызметкерлерінің белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері: қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау; Мекеменің қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру және функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданылады; Мекеменің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың тиісінше орындалмағаны үшін Мекеме қызметкерлері дербес жауапты болады.
2-тарау. Мекеме қызметкерлері мен лауазымды адам