Стандарт

    Ақмола облысы Бұланды ауданының Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппараты

    Бұландны ауданы әкімінің

    2017 жылғы 10 қарашадағы

    № 11-78ө өкімімен

    бекітілді

    Бұланды ауданы әкімі аппаратының,

    Бұланды ауданының Макинск қаласы,

    Ауылдық, селолық округтері әкімдері аппараттарының

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

    Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесін ұсынады.

    Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық, селолық округтер әкімдері аппараттарымен бересе отырып «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық,селолық округтері аппараттарымен бірлесе отырып, «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

    Қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері:

    1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда қаралған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:

    — Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алу;

    — жеке және заңды тұлғаларға, әріптестеріне адал, әділ, сыпайы қарау, әдептілік таныту;

    — мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;

    — жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау кезінде төрешілдік және сарсаңға салуды болдырмау;

    — азаматтардың келісімісіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді, жеке және отбасылық құпияларды жария етпеу;

    — жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланбау;

    — мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халық сұранысына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру шараларын тұрақты қолдану;

    — шындыққа жанасымсыз мәліметтерді таратпау.

    2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

    — құзыретті шектеуді және құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    — лауазымдық өкілеттікті орындауға қатысты емес өкімдердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын болдырмау;

    — қоластындағылардан лауазымдық өкілеттігі шегінен тыс шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпеу;

    — туысқандық, жерлестік және жеке берілгендік себептері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын жібермеу;

    — меритократия принциптерін ұстану;

    — қабылданатын шешімдер үшін дербес жауап беру.

    3) нормативті-құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:

    — нормативті-құқықтық актіні қабылдауды осы актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасы заңымен көзделген жағдайда ғана жүзеге асыру;

    — нормативті-құқықтық актіні қабылдау азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандығына шек қоймауы, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы тиіс;

    — нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары мен олардың белгілері бар нормаларды қолданбау;

    — азаматтар құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстанциялар санын мүмкіндігінше азайту.

    4) тіршілік әрекеті саласының өзгешілігіне байланысты туындайтын басқа өзара қарым-қатынас кезінде:

    — бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық белгілеу;

    — бағыныстағы лауазымды тұлғалар арасында жұмыс мөлшерінің біркелкі бөлінбеуін жібермеу;

    — лауазымдық міндеттері шегінен шығатын немесе орындауға мүмкін емес, сондай-ақ заңға қайшы келетін тапсырмалар бермеу;

    — басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықты жібермеу шараларын қолдану.

    Басқа шектеулер мен тыйымдар:

    — заңмен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалуын болдырмау;

    — қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шектеулер мен тйымдарды ұстану;

    — қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі қолдану;

    — бір мемлекеттік органда тікелей бағыныста туысқандармен жұмыс істеуді болдырмау;

    — мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет меншігін, автокөлік құралдарын тиімді және тек қызмет мақсатында ғана пайдалану;

    — мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік аппарат беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет, ресмилік, ұстамдылық пен ұқыптылықты танытанын көпшілік мақұлдаған іскерлік стильді ұстану.

    Жүктеу
    eb9677791566dc9da1a8ecac1af4a3f45a4e8618809aa8af0ff0e204746928b0_original.19055.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Кесте

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    БекiтемiнКарамышевка ауылдық округінің әкiмi____________ С. Даниева Азаматтарды қабылдау кестесі 2026 жылдың 3 тоқсанына Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдауКЕСТЕСІ Мемлеке...

    Кесте

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    БекiтемiнКарамышевка ауылдық округінің әкiмi____________ С. Даниева Азаматтарды қабылдау кестесі 2026 жылдың 2 тоқсанына Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдауКЕСТЕСІ Мемлеке...

    Кесте

    Азаматтарды қабылдау кестесі

    БекiтемiнКарамышевка ауылдық округінің әкiмi____________ С. Даниева Азаматтарды қабылдау кестесі 2026 жылдың 1 тоқсанына Бұланды ауданы Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдауКЕСТЕСІ Мемлеке...