Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 230/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223993 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
7-тармағының 5) тармақшасы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалдырыңсын;
«7-тармақтың 1) тармақшасының отыз бірінші абзацындағы 150000 (жүз елу мың) теңге деген сөздер мен сандарды 50 АЕК деген сөздермен және сандармен аустырылсын»;
«7-тармақтың 1) тармақшасының қырық тоғызыншы абзацындағы 2 (екі) АЕК деген сөздер мен саны 3 (үш) АЕК деген сөздермен және санымен аустырылсын»;
«7-тармақтың 1) тармақшасының елуінші абзацындағы 3 (үш) АЕК деген сөздер мен саны 4 (төрт) АЕК деген сөздермен және санымен аустырылсын»;
«қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтар алып тасталсын»;
«7-тармақтың 1) тармақшасының елу бірінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының күні - 25 қазан:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларыға 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасының қәсіби бөлігінен үзінді көшірмесі бар және Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға, әлеуметтік уәкілітті орган ұсынған тізім негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасының қәсіби бөлігінен үзінді көшірмесі бар және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға, әлеуметтік уәкілітті орган ұсынған тізім негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.