БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    ·

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.

    Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.

    Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын.

    Жыл

    БЖЗҚ өтінім берушілердің арнайы шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды:

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
    (сома, млн теңге)

    Емделу ақысын төлеуге
    (сома, млн теңге)

    2021

    2 468 085

    126 542

    2022

    703 232

    192 391

    2023

    170 905

    100 386

    2024

    396 683

    173 875

    2025

    824 360

    391 733

    1.01.2026 ж. бастап 31.05.26 ж. дейін (01.06.2026 жағдай бойынша)

    318 206

    333

    Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті.

    Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады.

    Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.

    Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.

    Жүктеу
    ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений
    ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений
    DOCX · 68 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 25 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 08 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 24 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 01 шілде Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қат...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 23 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 26 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 22 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 18 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 21 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 12 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарабалық ауданы жер комиссиясының отырысы № 20 ХАТТАМАСЫ

    Қарабалық кенті 2026 жылы 04 маусым Жер комиссиясяының құрамы: Ахметов Темирлан Ербосынович - Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Микибаева Гулбану Жаксылыковна - «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Қарабалық кенті: Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай

    Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жай № р/с Елді мекеннің атауы Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар 1. Қарабалық кенті "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерд...

    Жарияланды: