Жезқазған қаласы 2026 жыл 12 маусым
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес «Жезқазғанқаласыішкі саясатбөлімі» ММ басшысының2026 жылғы12 мамырдағы №43 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ (бұдан әрі – ММ) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы мамыры мен 2026 жылғы мамыр аралығында жүргізілсін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
3) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
I. ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 маусымдағы №26/13 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ережені, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады және басқа да нормативтік құқықтық актілермен келісіледі. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ММ лауазымды адамдарының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар белгіленбеген.
Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы белгіленбеген.
II. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.
2.1.Персоналды басқару жөніндегі қызметті талдау.
«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің штаттық саны – 11,5 бірлік, нақты саны – 11,5 бірлік, бос жұмыс орындары жоқ. Оның ішінде 5 бірлік мемлекеттік қызметші (1 – бөлім басшысы, 2 – сектор меңгерушісі, 2 – бас маман), 6,5 бірлік келісімшарт негізінде жұмыс істейді.
Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2026 жылғы жағдай бойынша еңбек тәртібін бұзу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық іс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері, мүдделер қақтығысы фактілері тіркелген жоқ.
Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар (оның ішінде коммерциялық ұйымдардың сенімгерлік басқаруына және т.б.), сондай-ақ басшымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болуы, кадрлардың ауысу себептері, қызметкерлерді жұмыстан босату барысындалауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген бұзушылықтар (лауазымын төмендету) жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2026 жылдың І тоқсанында 3 қызметкер жұмыстан шықты (оның ішінде өз еркімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты – 3 адам, теріс себептермен немесе өзге де себептермен – 0 адам).
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар анықталған жоқ.
Бөлімде мемлекеттік орган қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Антивирустық базалар тұрақты түрде жаңартылып, жұмыс станцияларының (серверлердің), ноутбуктердің антивирустық профилактикасы жүргізіледі, бөлімнің ақпараттық жүйелеріндегі логиндер өзектендіріліп, мониторинг жасалады, жұмыс станцияларындағы құпиясөздер ауыстырылып отырады.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу
Қызметкерлер әлеуметтік желілерде тіркелген және оларды белсенді пайдаланады:
1. WhatsApp – 8 қызметкер;
2. ВКонтакте – 0 қызметкер;
3. Instagram – 8 қызметкер;
4. Facebook – 2 қызметкер.
Сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған контенті зерделенді. Спирттік ішімдіктермен түскен фотосуреттерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексіне қайшы келетін пікірлер мен жарияланымдар фактілері анықталған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Талдау барысында анықталған жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруы (жұмыс істеуі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар (Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелерін қоспағанда) өздерінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының тікелей бағынысындағы лауазымдарды атқара алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлімде жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқару фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
2.4. Бейбіт шеруге рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің толық немесе ішінара реттелмеуі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және т.б.) анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асырудың нақты рәсімдерінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмады. Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын тиісті деңгейде жұмыс істемеу фактілері анықталған жоқ.
2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бланкілерді сақтау, есепке алу және беру үшін жауапты тұлға – «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері (хат бланкілері мен бұйрық бланкілері бойынша).
Бланкілер мен нұсқамалардың белгіленбеген орындарда сақталу фактілері анықталған жоқ. Бақылау іс-шараларын өткізу мерзімдерінің бұзылуы орын алмаған. Нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестеріне қолмен түзету енгізу мүмкіндігі жоқ.
2.6. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу
2026 жылға 204 607,0 мың теңге көлемінде жылдық қаржыландыру жоспары бекітілді, оның ішінде:
1.еңбекақы төлеуге және салықтарға – 58 842,0 мың теңге;
2.іссапар шығыстарына – 2 000,0 мың теңге;
3.қызметтер көрсетуге ақы төлеуге – 7 219,0 мың теңге бөлінді.
2026 жылдың I тоқсанында:
1.еңбекақыға – 7 824,0 мың теңге;
2.салықтарға – 1 542,0 мың теңге;
3.іссапар шығыстарына – 290,0 мың теңге төленді.
Қайтарылған қаражат көлемі – 0 теңге.
2026 жылдыңқаңтар–наурызайларындажасалған шарттың жалпы сомасы37 313,0 құрады, оның ішінде: тауарлар – 0, қызметтер – 37 313,0.
2.7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау
Жүргізілген талдау барысында тікелей сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Дегенмен, бөлім қызметінің ерекшелігін ескере отырып, келесі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді:
-Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде орындаушыларды іріктеу барысында жекелеген ұйымдарға артықшылық беру тәуекелі;
-Бюджет қаражаты есебінен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсетушілерді таңдау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі;
-Ақпараттық саясатты іске асыру барысында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру кезінде шешім қабылдау процесінің жеткілікті ашық болмау тәуекелі;
-Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында заңнамада белгіленген мерзімдерді сақтамау немесе өтініштерді қарау кезінде субъективті көзқарасқа жол беру тәуекелі;
-Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын жеткілікті деңгейде білмеуінен туындайтын құқық бұзушылықтарға жол беру тәуекелі;
-Кадрлардың ауысуы салдарынан қызметтік міндеттердің сабақтастығының төмендеуі және ішкі бақылаудың әлсіреу тәуекелі.
Аталған тәуекелдерді азайту мақсатында бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті тұрақты жүргізу, мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру қажет.
ІІІ. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Бөлім жұмысында келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» (ОДО), eQyzmet ақпараттық жүйесі, «Мемлекеттік органдардың интернет-порталы» (ИПГО), Enbek ақпараттық жүйесі, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – «Е-өтініш», «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» ақпараттық-аналитикалық интеграцияланған жүйесі, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі. Бұл жүйелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бөлімнің және оның қызметкерлерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Ұсынымдар
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдердің алдын алу және жолын кесу мақсатында қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген нормаларды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
IV.Қорытынды бөлім
«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, нормативтік құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда. Бұл тәуекелдерді азайту сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қажет.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және барынша төмендету мақсатында анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту ұсынылады.
Қажет:
-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесіне енгізілген қызметкерлер өз қызметін қолданыстағы заңнамаға және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол бермеуі қажет;
- Белгіленген талаптарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың жоспары мен қорытындыларын интернет-ресурста уақтылы орналастыру қажет;
- Белгіленген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет;
- Ұсынымдардың орындалуын бақылау мен мониторинг жүргізуді өз құзырымда қалдырамын.