ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексының 178 бабына сәйкес Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы туу, неке қию,неке бұзу, қайтыс болу туралы қайталама куәлік беріледі.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер некесін (ерлі-зайыптылықты) бұзған немесе некесі (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
Неке сот арқылы 10.12.2019 жылы бұзылған жағдайда неке бұзу туралы куәлік берілмейді. Бұл жағдайда ХҚКО арқылы неке бұзылғандығы туралы таңба турған неке қию туралы анықтама алуға болады.
Кәмелет жасқа толған азаматтарға қайталама куәліктер тек арызданушының өзіне ғана беріледі. Қайтыс болған азаматқа қатысты туу туралы анықтама туыстық қарым қатынас дәлелден ген соң туысқандарына беріледі.
Кәмелет жасқа толмаған балаларға куәлік, анықтаманы ата анасы алуға кукылы.
Ата аналық құқығынан айырылғандарға балаларына қатысты қайталама куәлік берілмейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар нотариат куәландырған сенімхатпен берілуі мүмкін. Мысалы : кәмелет жасқа толған балаларына ата анасы нотариалдық сенім хатпен қайталама куәлік, анықтамалар алуға болады.
Қайтыс болу туралы куәлік, анықтама қайтыс болған азаматтын туысқандарын туыстық қарым қатынас дәлелденген соң берілеі.
Сонымен қатар қайталама куәлік және анықтамалар ХҚКО және Е-гов жүйесі арқылы алуға болады( www.egov.kz."электронды үкімет" веб порталы).
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»
КЕ АҚ Абай облысы бойынша филиалының
Үржар ауданының АХАТ бөліміның бас маманы Н.С. Чирвина