БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    Түркістан облысының құрылысы басқармасы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31 желтоқсанда аталған ИПБ-ның бастамасы бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұзу жоспарланып отырғаны туралы хабарламаның алынуына байланысты қабылданды.

    Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті.

    Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген.

    Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз.

    Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    3ae2d31c974cde3c54ae152c563b9520d5014aa3c8d980cb6e7165fb949936f7_original.66649.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшы...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы

    Баспасөз аңдатпасы 2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев кө...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИП...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12 а...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялықсипаттамасыжәне болашаққа болжамдар 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі аза...

    Түркістан облысының құрылыс басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған басым облыстық бюджеттік инвестиялардың тізбесі

    2026-2028 жылдарға арналған басым облыстық бюджеттік инвестиялардың тізбесі