Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Сметалық-нормативтік базадан сауда маркалары мен брендтердің атауларын алып тастау туралы» нұсқамасын орындау мақсатында СҚҚК-3 (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы) құрамына енгізілген құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының номенклатурасына жүргізілген түгендеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Құрылыс ресурстарының жіктеуішіне және СҚҚК-3 каталогына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінімдер қабылдау қайта басталды.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілердің және құрылыс процесіне қатысушылардың назарына нақты сауда маркаларын, брендтерді және өндірушілердің атауларын көрсете отырып ресурстарды енгізу толығымен тоқтатылғанын хабарлаймыз. Өтінімдер тек құрылыс ресурстарының нормативтік-техникалық және функционалдық-технологиялық сипаттамалары көрсетілген нақты түрлері бойынша қабылданады және қарастырылады.