«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 5 (бес ) қол санында белгіленсін.
- Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
- Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-136
18 маусым 2026 жыл