ЖОБА
Шал ақын ауданында 2027 жылға арналған оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасын төмендету туралы Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының салық кодексі» Кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының ставкасы 2027 жылы алынған (алуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
- Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақынауданы
мәслихатының төрағасы Қ. Жанғожинов