Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ·

    Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,

    діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты

    үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы және

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір

    қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.
    2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
    3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының

    әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

    Жүктеу
    О согласовании расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и о признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
    О согласовании расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и о признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
    DOC · 39 КБ
    Жүктеу
    Приложение 1
    Приложение 1
    DOC · 51 КБ
    Жүктеу
    Приложение 2
    Приложение 2
    DOC · 42 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал туралы анықтама

    Бүгінгі таңда облыстағы діни ахуал тұрақты деп сипатталады. Уәкілетті орган жолға қойылған мемлекеттік-конфессиялық қатынастар шеңберінде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.Облыста 11 конфессияны қамтитын 130 ді...

    Жарияланды:
    Жоба

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама.

    Жарияланды: